Жалғас Сембайұлы Сүйеніш

Тұран дүниетанымы. Дух цивилизации кочевников в ее религии


Скачать книгу

тельской системе Ridero

      Тұран дүниетанымы

      «Әубаста шежіресі»

      I. Өлгеннен

      1. Әубаста, тек жаратқанның өзі болды.

      2. Ол шын дүние, және мәңгі болып қалады. Ол дүниенің өзі де, заты да, негізі да Жаратқан.

      Адам баласы өз ой санасының тарлығынан, өзін жаратқанға жақындату ойымен, шын дүниені бөлек, ал жаратқанды тек ол дүниенің билеушісі ретінде қарайды, бірақ ол қате көзқарас.

      3. Сол әубаста уақытына қатысты, жаратқанның тұңғыш есімін «Өлген» -ді айтады.

      4. Жаратқанның бұл есіміне сүйене, адам баласы жалғаннан дүние салып, жаратқанның құшағына қайтқан жаратылысты «өлген» дейді.

      5. Жан салғанды жаратқанның есімімен атау жәйдан жәй емес, ол ақ бата, өйткені жан салған адам баласы болсын, басқа жаратылыс болсын, ол жаратқаннан кері айналып, алғысын айтпаған сорлы болуы мүмкін, сондықтан жаратқан қайтқанның күнәларын кешіріп жанын құшағына алсын деген ниетімен оны «Өлген» дейді.

      6. Жаратқанның екінші есімі «Құдай», жалған дүние жаратылу уақыт барысына қатысты айтылады. Ол кезеңге қатысты жаратқанды «Құдай» деу себебі келесіде, өйткені, жаратқанның жалған дүниені жаратуы адамзат үшін өте құдды болды, сондықтан адам баласы сол кезеңді сөз еткенде жаратқанды «Құдай»

      дейді, егер жаратқан жалған дүниені жаратпағанда, кәзір адамзат та болмас еді.

      7. Жалған дүниені жарату жолында, Құдай ең бірінші алып рухты жаратады, ол рухтың есімі «Ерлік», бұл рухты Құдай жалған дүниеде елшісі және құт-құдыретін таратушы болсын деп жаратты.

      8. Содан соң, Құдай бүткіл жалған дүниені жаратты, жалған ол тұтасты толық дүние, адамзаттың бастамасына дейінгі өткен жолын, жалғанның да тарихы ретінде қарау қателік, өйткені, жалғанның ішінде адамзат бастамасынан ақырына дейін бір тамшымен тең, ал шын дүниеде күлтіктен де әлде қайда кіші.

      9. Сол жалғанның ішінде кейіннен адамзатқа үй болатын жер де болады. Бастапқыда, жер қараң болды, бірақ Құдай Ерлікке жерді жәннәтқа айналдыруды бұйырады.

      10. Ерлік алдымен жер сыртын суға толтырады, солай мұхиттар пайда болды, сосын су астынан сазды алып оны жердің үстіне төкті, солай түзу жерде таулар мен жартастар пайда болды.

      11. Өз ісіне көңілі толып, Ерлік мақтанышпен Құдайға оралды, бірақ жаратқан алып рухтың ісін толық деп санамады. Құдай жерді өсімдіктермен жануарларға толтырды және жалғандағы әр тірі жаратылыс қараң болмасын деп құт көздерін жаратты, жерге басты құт көздері – күн мен ай болды.

      12. Бірақ Ерлік күн мен айды жерге қимады, оларды алып қайтармауға тырысты, ол қылығы үшін Құдай оны жазалды, жалғанда елші болудан және құт-құдыреті таратушы болудан шеттетті.

      13. Күн мен айды орындарына қондырған соң, Құдай жалғанда елші болатын, құт-құдыретін тарататын екінші рухты жаратты, ол махаббатқа толы рух болды, ол рухтың есімі «Ұмай-ене». Бұл рухты шежірешілер әр дәуірде әр түрлі атады, мысалы «Табиғат ана», «Жер-су» және «Құддық» деген атаулары әлі күнге дейін бар, бірақ ең тұңғышы және дұрысы «Ұмай-ене».

      14. «Ұмай-ене» жалғанды қамқорлығына алған соң Құдай адамды жаратты, және анықтай кететін жәйт «адам» ол есім емес, ол «рух» дегендей жаратылыстың зат болмысы, «адам» сөзі «қызыл ет» деген мағнаны білдіреді, Тұңғыш адамда есім болған жоқ, сондықтан шежірешілер оны ерекшелеу үшін «Адам-қан» деп атады, «Қан» сөзін қосу ол адамның алдында жаратылған рухтардан, зат болмысы басқа екенін белгілеу.

      15. Жаратылған адам бірден тірі болған жоқ, бастапқыда ол ұйқыда болды. Ұйқы ол шын дүние мен жалғанның аралығы. Сол ұйқы күйінде Құдай оны жерге қондырады да, осы адам осы жер-жәннәтті мекендейтін болады деп жариялап итке сол ұйқыдағы адамды күзетуді бұйырады.

      16. Жазаланған үшін Құдайға ызаланған Ерлік жер-жәннәтін адам мекендейтінін білгенде, оны адамға қимай, итті алдап, ұйықыдағы адамға барды, оны өз құлы қылдыру үшін. Алдымен ол ұйқыдағы адамды оятып тірілтті. Тұңғыш адамды Ерлік оятқандықтан ол «Ер» болды, оны оятуы Ерліктің жаратқан Құдайға кегі болғандықтан, адам «Еркек» болып тірілді. Тірілткен соң Ерлік адамның зат болмысын да, жанында кірлетіп, ластады. Содан кейін ол адамды Құдайдың берген келбетінен айыру үшін үстіне жүн өсіріп, бетін кәртәйтті, және адамның беті соншалықты жеркенішті болып шықты. Ерлік өзі адамнан жеркеніп «Бұндай бетімен бас болғанынан көрі болмағаны жақсы, бұл Албасты, құл болуғада жарамайды» деп адамды сол түрімен тастап кетеді.

      17. Ерліктің істегенін Құдай көрді де, білді де, ол албасты болып жатқан адамды жүнінен тазартып, бет әлпетін қалпына келтірді. Лас болған зат болмысын да, жанын да тазартты. Бірақ адамның ішінде бәрі бір «ерлікпен кекшілдік» қалды, ал заты «Ер» болғаннан өзгермеді.

      18. Адамды қайта адам қылдырған соң, Құдай барлық жаратылыстарынан алғыс сұрады. Сонда барлық жаратылыстар Құдайға табынып алғыс айтты, тек Ерлік олай жасамады. Ол Құдайға «мен сенімен теңмін, құдыретім сенікінен кем емес, сондықтан саған табынып, алғыс айтпамын» дейді.

      Сонда Құдай тастың суын шығарып, сол судан тағы бір рухты жаратады, ол рухтың есімі «Мықты» еді.

      «Егер