Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық
здермен, қосымша әдебиеттермен, құжаттармен жұмыс нәтижесінде алынған білім жүйеленеді, тереңдетіледі, қадағаланады. Семинар сабақтарының басты мақсаты – студенттерді зерттелінетін салалардың ерекшелігіне қарай, теориялық білімді пайдалану дағдылары мен машықтарына ие болу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.
“Тарих” мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің оқу нысанының бір түрі болып семинарлық сабақтар танылады. Семинар сабақтар оқу үдерісінің қажетті элементі болып табылады. Семинар сабақтардың мақсаты – дәрістен алған білімді тереңдету, ұлғайту, кәсіби маңызды білім мен машықты қалыптастыру.
Семинарлық сабақтар студенттерге пән бойынша ғылыми терминдер мен түсініктерді меңгеруге, сөйлеу мәдениетін және кәсіби ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Студенттер семинар сабақтары барысында пәннің негізгі мазмұнын терең игеру, тарихи фактілер мен матариалдарды қолдана білу, тарихи деректер мен арнайы зертеулерге талдау жасай алу дағдысын қалыпсатырып, өзінің даралығын, ойлау дербестігін, өз пікірін аяғына дейін жеткізу, негіздей білу қабілетіне ие болады.
Семинар сабақтардың құрылымы келесі элементтерді қамтиды: ұйымдастырушылық кезең (оқытушы студенттермен сәлемдесіп, журналда сабаққа келмеген студенттерді белгілейді, студенттердің сабаққа дайындығын анықтап, сабақтың тақырыбы мен жоспарын жариялайды); материал бойынша студенттердің сұраққа жауабын тыңдайды; негізгі бөлім (теориялық сұрақтарды мен қойылған сұрақтарды талдау); сабақты қорытындылау (оқытушы бүкіл топтың жұмысын бағалап, бағаларды жариялап, түсінедіреді, нақты студенттердің жауаптарындағы жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді көрсетіп, келесі сабаққа тапсырма береді).
Семинар сабақтардың негізгі бөлімі негізгі сұрақтарды талодауға арналады. 50 минуттық сабақ барысында негізгі сұрақтарды талдауға әр-қайсысына шамамен 10-15 минут уақыттың жұмсалуы ұсынылады. Негізгі сұрақтарды талдау әртүрлі болып келеді.
Негізгі мақсаттық бағытына байланысты семинардың үш типін ажыратамыз:
1) белгілі бір оқу курсын терең зерттеуге арналған, осы курстың материалымен тақырыптық байланысты семинар;
2) әдіснамалық тұрғыдан маңызды курстың немесе белгілі бір тақырыптынегізді түрде дайындауға арналған семинар;
3) арнайы семинарға ұласуы мүмкін, жекелеген өзекті мәселелерді ғылыми өңдеуге арналған зерттеу типіндегі семинар.
Арнайы семинар белгілі ғалымның жетекшілігімен белгілі бір проблемаға байланысты жас зерттеушілердің қарым-қатынасының мектебін білдіреді. Тәжірибелі жетекші ғылыми шығармашылықтың ауа-райын қалыптастырып, студенттерді ұжымдық ойлау қызметіне бағдарлап, зерттеу жұмысының тиімді әдістерін пайдаланады. Қорытынды сабақта оқытушы студенттік ғылыми жұмыстарға толыққанды шолу жасап, қорытындылайды, қарастырылған проблемалардың ары қарата зерттелу мүмкіндіктерін аша отырып, қызығушылық білдірген студенттердің осы проблемаларды зерттеуге қатысу мүмкіндіктерін түсіндіреді.
Семинар сабақтары дәріс сабақтарымен тығыз байланысты, дегенмен де семинардың оқу материалы дәріс материалың қайталамайды. Оқытушының жетекшілік рөлі оқу жұмысын тиянақты жоспарлаудан, маңызды сұрақтарды семинарда талдауға бөліп шығарудан, дербес дайындалу үшін әдебиеттерді таңдаудан, талқылау үдерісіне басшылық жасаудан көрінеді.Жүргізу әдісіне байланысты семинар келесі түрлерге бөлінеді:
– Семинар-сұхбат семинар жоспарындағы барлық сұрақтар бойынша бүкіл студенттердің сабаққа дайындалуын білдіріп, тақырыпты белсенді талқылауға студенттердің елеулі бөлігінің тартылуын білдіреді. Оқытушының қысқаша баяндамасынан кейін, жоспардағы нақты сұрақтар бойынша бірнеше студенттердің жан-жақты мәлімдемелері тыңдалып, басқа студенттердің жауаптарымен толықтырылады, соңынан оқытушы қорытындылайды.
– Семинар-дискуссия, немесе семинар-диспут қандай да болмасын проблеманы ұжымдық талқылау және шешу үшін семинарға қатысушылардың диалогтық сөйлесу мүмкіндігін білдіреді. Талқылау үшін оқытылатын пәннің ең өзекті мәселелері таңдалынады. Дискуссияға қатысушылар өз ойларын нақты құруға, өз пікірлерін ұстап тұруға, сын пікірлерге дәлелді түрде қарсы тұруға үйренеді. Семинар сабақтарының ең тиімді нысаны қатысушылардың сәйкес орналасуы қағидасындағы«дөңгелек үстел». Осыған байланысты диалог арқылы дискуссия тақырыбын бірігіп өрбіту үшін, студенттерді қарым-қатынас, өзара әрекет мәдениетіне үйрету қажет. Семинардың аралас нысаны баяндамаларды талқылау,қатысушылардың еркін сөйлеуі, жоспарланған дискуссиялар түрінде өтеді.Студенттердіңсеминарғадайындалуына педогогикалық жетекшілік ету оқытушының баяндамалардың жоспарын құруға көмектесуінен, әдеби қайнар көздерді конспектілеуге үйретуден, рефераттар мен баяндамалардың мәтінін дұрыс рәсімдеуге, өзіндік жұмыс барысында туындаған сұрақтарға байланысты кеңес беруден көрінеді
Семинарға дайындалу барысында студент міндетті түрде:
– ұсынылған әдебиеттермен танасып шығуы қажет;
– мәселе бойынна әртүрлі көзқарастарды қарастыруы қажет;
– өз пікірін тұжымыдай алуы қажет;
– даулы