Медитацияға ғана сенетін болсаңыз арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек. Алайда егер сіз тек Динамикалық әрекеттер ғана жасайтын болсаңыз, онда сіз қателік, қиындық, проблемаларға дайын болыңыз. Сондықтан бұл кітаптың негізгі мақсаты: кинетикалық (ішкі әрекет, әрекетсіз әрекет) пен динамикалық (сыртқы әрекет, физикалық әрекет) қозғалысты біріктіру, сол арқылы толық шынайы бақытты қалыптастыру! Бұл кітаптың мақсаты Позитивті ойлаудан тыс, өзгерек, дұрыс қадам жасау және өз тағдырымызды өзіміз жазуға байқап көру.
1. Өмір заңдылықтары
ДҰРЫС АҚИҚАТҚА САЙ ОЙЛАП ЖҮРМІЗ БЕ?
Жалпы ойланудың өзі екіге бөлінеді: «дұрыс» (Ақиқатқа сүйенген) және «бұрыс» (өз шындығына сүйенген). Осыны айырып жіктеу жəне түсіну өте маңызды. Өмірдегі түбегейлі жəне ұзақ мерзімді өзгерістерді, түзетулерді жүзеге асырудың алғашқы жəне маңызды қадамы – оң, теріс жəне адекватты ойлау, баға беру (өзіңе, өзгеге) арасындағы айырмашылықты түсіну. Оң, позитивті, жағымды және адекватты ойлау – бұл дұрыс ойлау, теріс, негативті, жағымсыз ойлау – бұл бұрыс ойлау.
Позитивті ойлаумен шектелмеңіз. Позитивті ойлаудан да артық, өзгерек ойлау жүйесі бар екенін ұмытпаңыз. Позитивті ойлаған жақсы, бірақ олардың көбісі жалғандыққа негізделгендіктен, ол адамды толық кемелдікке, шынайы бақытқа жеткізбейді. Сондықтан позитивті ойлау тек ақиқатпен бірге, ақиқатқа сай болуы керек. «Дұрыс ойлау» деген осы. Бірақ кей проблемаларда қанша позитивті ойлаңыз, қанша жағымды, оң ойлар ойлаңыз, сіз сыртқы жағдайды өзгерте алмайсыз, себебі сіз ішкі шындықты өзгертпей сыртқы шындықты өзгерте алмайсыз.
Өмір (дүние) атты ойында «Өмір (Жаратушы) заңдылықтарын» білмеу ақымақтық пен надандықтан. Ақиқат нағыз бостандық береді, еркіндік сыйлайды, сондықтан Жаратушының жаратқан барлық табиғат (дүниелік) ж/е ғайып (ақырет) заңдылықтарына бағыну керекпіз.
Елестетіп көріңіз: адам фортепианоға отырады, ойнай бастайды, бірақ оның музыкасында үйлесімділік, əуезді, сазды, ырғақты əуен жоқ, өйткені ол əлі ноталарды білмейді. Ақыр соңында, бұл дисгармониядан, қанағаттанбау сезімінен, көңілсіздіктен шаршап, ол мұғалімге барады. Ал ол оған: «сізде музыкаға деген қабілет бар, бірақ оны ашу керек», – дейді. Адамның əрқайсысы өмір деп аталатын пьессаны, сценарийді үйлесімді, əуезді, қуанышпен ойнай алады, бірақ бұл үшін сіз өмір ережелерін, заңдылықтарын біліп, ойын техникасын игеруіңіз керек. Қоршаған əлемде бəрі физиканың белгілі бір принциптері мен заңдарына сəйкес бағындырылған. Егер олай болмаса, біз ұшақтармен ұша алмас едік, жердің тартылысы болмас еді, біз электр энергиясының не екенін білмес едік, ал бір плюс бір екі болмас еді. Əлемнің бұл заңдары əрдайым жəне барлық жерде қолданылады. Олар сенімді әрі тұрақты, сонымен бірге ешқашан өзгермейді. Сіз оларға кез-келген жағдайда сене аласыз: олар əрқашан мүлтіксіз жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, ғалам сізді ешқашан сол заңдылықтардан босатпайды. Сіздің бойыңыз, салмағыңыз, жасыңыз, жынысыңыз жəне діни көзқарасыңыз ол заңдылықтар үшін маңызды емес. Бұл күш немесе энергия (өзіңіз қалағандай атасаңыз болады) барлығына бірдей əділ жəне бейтарап (ешкімді бөліп-жармайды), ал оның позитивтілігі немесе негативтілігі тек өз ойларымыз бен сенімдерімізге байланысты. Ал сенім біздің күнделікті сөйлеп жүрген (өзімізбен/өзгемен) сөздерімізге байланысты!
СІЗДІҢ СӨЗІҢІЗ – СІЗ ҮШІН ЗАҢ
Адамның өз-өзімен сөйлесуін ішкі диалог деп атайды. Ішкі диалог адамда әрдайым жүріп жатады. Өз-өзімен сөйлесетін жалғыз жаратылыс ол адам. Əлем, ғалам үшін сіздің əрбір ойыңыз – сөз, ал əрбір сөзіңіз – заң. Ой дегеніміз ол сіз ғана еститін ішкі сөздер. Сіз осы ішкі сөздердің бейсаналық деңгейде қалай əрекет ететінін білуіңіз керек. Өмір заңдылықтарын білмей жəне өз-өзіңіңізді түсінбей, сіз өз өміріңізді ақиқат қалауы бойынша жасай алмайсыз. Барлық адамдар бағынатын ең маңызды, іргелі, басты заң, ереже себеп-салдар заңдылығы. Ол кез-келген жағдайдың нəтижесі оның себебіне байланысты екенін айтады. Себеп əрқашан қандай да бір іштегі ниет, қалау, ой, сөз немесе сенім (түсінік, ұстаным). Бүгінгі контексте бұл заңның мəні: өмірде болып жатқанның бəрі біздің ойларымыздан (санамыздан) туындайды. Себеп-салдар заңдылығы барлығымызға ортақ, бейтарап (нейтралды), əділ, бұл ереже дəл күн сəулесі сияқты – адамдардың барлығына бірдей түсе алады. Кей адамдар оның сəулесінің астында тұрып махаббат, жылулық, рақым, мейірім, шапағат сезіне алмайды. Себебі көбісі көлеңкеде жасырынған, надандық көлеңкесінде, онда күн сіз үшін жарқырамайтын сияқты болып көрінеді, сіз үшін онда күннің (білімнің) болғанынан не пайда? Сізді көлеңкеге кім айдап апарды? Қараңғыда сізді кім қалдырды? Шындық мынада, біз өзімізді қараңғылықта, надандықтың қараңғы түнегінде өмір сүруге мəжбүр етіп жатамыз. Оған сіз кінəлі емессіз, мен кінәлі емеспін, ешкім кінəлі емес. Бұл алдыңғы кітапта айтылған «Құлдық Сана» мен ақиқатқа емес, өзгеге «тәуелді» болудың салдарынан.
ПРОБЛЕМА НАДАНДЫҚТА ЖӘНЕ БІЛМЕСТІКТЕ
Ақиқатын білмей, туралықты табу мүмкін емес. Ақиқат дегеніміз Құдай сөзі, ғылыми дәлелдер мен имани (рухани-адамгершілік) түсінік, барлық жаратылыстың сыртқы емес ішкі формасы, терең