Канат Нуров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер


Скачать книгу

гілейді. Монографияның мазмұны – Қазақстанның тарихи мұрасы және оның модернизацияға қабілеті жөніндегі этнографиялық зерттеу. Қазақтардың тарихы көптеген құпиялар мен жұмбақтарға толы. «Қазақ» сөзінің мағынасы және жүздердің үлкендік бойынша бөлінуі жөнінде қызу пікірталастар өтіп жатыр. Кітап бұл сауалдарға жауап береді және қазақтардың этникалық мінезі негізінде барлық қазақстандықтардың ұлттық (жалпыазаматтық) миссиясын қояды – ақпараттық қоғамның үлгісі болу. Қазақ Идеясы Қазақстан ұлтын тек қана индустриалды емес, қауышу мәдениетінің ақпараттық деңгейіне көтереді. Онда «қазақ» және «қазақстандық» ұғымдары біржолата теңеледі. Сонымен бірге, далалық еркіндіктің төлтума дәстүрлері және Қазақстанда болашақта дамитын ашық азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет арасында ұқсастықтар тізбегі ұсынылады.

      Жұмысты оның дау-дамай тудыратын өткір стилі де дараландырады (автордың өзінің ертедегі кейбір идеяларын қайта қарауы, 1995 жылға 30-шы жылдар стиліндегі зірк-зірк еткен тас-талқан рецензия, т.ғ.д. Абылхожина Ж.Б. және т.ғ.д. Толеубаева А.Т. сияқты қазіргі рецензенттердің салмақты ғылыми бағалаулары). Сондықтан бұл кітап бірінші басылымында болсын, екінші басылымында болсын, қоғамдық санада түрлі пікірлер тудырды, оны қостайтын да және оған қарсы шығатын адамдар да табылды:

      «…Автордың осы тақырыпты ғажап ашқанын мойындау керек… Автор тарихшылардың көптеген көбіне тыйым салынғандай мәселелерге өте адал, көлгірсімей, айтар ойынан тайқымай, тура барған…» (2011 ж.) – Темірғалиев Р. Тарихшы-көсемсөзші

      «…Іс жүзінде кітап «Қазақстанға тарихын қайтаруға» емес, әйтсе де, әбден нақты нәтижелер тудыру үшін жазылған —…ұлттық идеяның беделін түсіру, халыққа жат құндылықтарды күштеп тығу… барлық жерде сенімсіздік тудыру, алаңдаушылықты көбейту, міне, автордың талпынысы».(1995 ж.) – Қойгелдиев М. – тарих ғылымдарының докторы (ҚазҰУ), Нұртазина Н. – тарих ғылымдарының кандидаты (ҚазҰУ)

      «Бұл кітап бойынша, этнос – қан туысқандығы емес, мәдени-тұрмыстық қауымдастық, өмір дағдысы жөнінде… XXI ғасырда титулды ұлт басшылығымен Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын құру тек қазақ дәстүрлерін олардың қауышуға және мәдениетте, саясатта, экономикада бәсекелесуге жеке тұлғалық ашықтық бөлігінде модернизациялау ұлттық идеясы аясында ғана мүмкін. Қазақтардың ұлттық қасиеті ретіндегі жеке тұлғалық ашықтықты Қазақстанның барлық ұлттары мойындайды және қолдайды… Қандайда болсын либералды демократиялық құндылықтардың енгізілуі, егер ол біртұтас халық ретіндегі көпұлтты тұрғындардың өз-өзін өзінше тануының шын өлшемін бере алатын ұлттық идеямен қамтамасыз етілмесе, сәтсіздікке ұшырайды. Бұл кітап осы жөнінде…» (2011 ж.) – Арманжан Байтасов, Раймбек Баталов, Ораз Жандосов, Айдан Кәрібжанов, Алидар Өтемұратов.

      Тұтастай алғанда, қоғамның талғамына ұсынылып отырған монография барлық халықаралық ғылыми талаптарға жауап береді, Қазақстанның модернизациясына бағытталған және өз елінің тарихы мен болашағына жаны ашитын ойлы оқырманға қызық болар. «Аспандау» ғылым және білім беру қоры автордың барлық тезистерімен келіспесе де, олар «2030 – Ақпараттық қоғам» ҚР Білімін Дамыту Саясаты» жобасының бөлігі ретіндегі Қор бекіткен тұтастай ұлттық идеяны және еркін құқық сезінуді ашуға бағытталған деп есептейді (www.aspandau.kz).

      Қанат Ильяұлы Нұров

      «Аспандау» ғылым және білім беру қорының және Plankion Group президенті.

      Мамандануы және тәжірибе аумақтары

      • Басқару жөніндегі аға консультант ретінде «Делойт&Туш» халықаралық аудиторлық-консалттық компанияның жергілікті офисін ұйымдастырудың бастапқы кезеңіндегі маркетинг пен PR жөнге келтіру.

      • «Қазақтелеком» АҚ финанстық басқару саласында ғылыми тәсілдің енгізілуінің қалың жұртшылық мойындаған табысы:

      – финанстық есеп, жоспарлау және негіздеудің халықаралық стандарттарын біртұтас бюджеттік саясатқа біріктіру;

      – SAP жөніндегі Басқару комитетінің төрағасы ретінде ресурстарды басқаратын біріккен жүйені енгізу жөніндегі проблемаларды зерделеу (ERP), осы жобаны реабилитациялау және оның табысты жүзеге асуы.

      • «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры, Коммерциялық дирекция (Орталық офистің Кредиттік комитеті) мүшесі ретінде логистика мен әкімшілік шаруашылық мәселелерді бақылау.

      Білімі

      Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Германия Мемлекеттік шенеуніктер Одағының неміс академиясы (Бонн, ГФР), Маастрихт менеджмент мектебі (Маастрихт, Нидерланды), ICMA (АҚШ); Йоркск университетінің Ph.D – historical sciences (АҚШ), DBA (Ресей, РАНХиГС)

      Ғылыми жарияланымдары

      Нұров Қ.И. Қазақстанның дәстүрлі құрылымының құқықтық және экономикалық модернизациясы. Ғылым: Алматы, 1995. 201 б.

      Жұмыс тәжірибесі

      Алматы менеджмент мектебі, ҚР Экономика министрлігінің кәсіпкерлікті қолдау қоры, «Делойт&Туш» халықаралық аудиторлық-консалттық компаниясы, «Қазақтелеком» АҚ Вице-президенті – бас қаржы директоры, «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарушы директоры.

      Өзі жөнінде

      «Қазақтелеком»