металлургия цехына 1929 жылы 22-желтоқсанда қара жұмыскер болып жұмысқа қабылданған. 1930 жылдың 16-сәуірінен тиеуші, 1932 жылдың 18-тамызынан горновой, 1938 жылдың 7-сәуірінен балқытушы. 1938 жылдың 11-шілдесінде ауысым шебері болып тағайындалады, 1949 жылдың 15-қарашасында балқытушы мамандығына қайта оралады. 1945 жылы КОКП мүшелігіне қабылданады. Байзақов Ұлы Отан соғысы жылдары ауысым шебері болса, оның кіші інісі байыту фабрикасында машинист, екіншісі флотатор, үшіншісі шарпу пешінде горновой, төртіншісі конвертор цехында фурмовщик болып жоғары өнімді еңбек етті. Байзақов Еңбек Қызыл Ту орденімен (1949), «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Байқоңыр көмір ошағы Қарсақбай кентінен оңтүстік батысқа қарай 60 км жерде орналасқан. Көмір өндірілген жер иесінің есімімен әуелі Шоқпар, кейін көмірлі аймақты 1905 жылы ағылшындарға жалға берген жамантымақ қыпшақ Байқоңыр байдың атымен аталған (Географические названия мира. Топономический словарь. М. Аст. Поспелов Е., 2001). Ағылшындар геологиялық барлау жұмыстарын қарқынды жүргізді. Бірнеше жылда қоңыр көмір қоры 714840 т жеткізілді. Бұл жылына 56500 т көмір өндірілсе, ол жылына 5000 т қара мыс беретін Қарсақбайды мыс қорытуға 12 жылға қамтамасыз ететіні анықталды. Сондықтан да зауыт Жезқазған мен Байқоңырдың тең ортасында дерлік Қарсақбай ашағында салынатын болды. Олардың арасы ұзындығы 120 шақырым тартабанды темір жолмен байланыстырылған.
Байқоңыр көмір ошағында 1911 жылы 200-дің үстіне жұмысшы болды. 1911—1917 жылдары 34419 т қоңыр көмір өндірілген. Оны негізінен Қарсақбай, Жезқазған және Байқоңыр кенттерінің тұрғындары, жергілікті өндіріс отын ретінде жақты. Ұлы Отан соғысы жылдары көмір өндірісі бірнеше есе артып, жылына 130 мың тоннаға дейін жетті. Жезқазған өнеркәсіп ауданы көмірмен жеткілікті қамтамасыз етілді. Көмір ошағында орта есеппен 650—790 адам жұмыс істеді. Қарсақбай мыс қорыту зауыты іске қосылғанда 1937 жылы Қарағанды-Жезқазған темір жолы арқылы Қарағандының жоғары қызулы тас көмірі жеткізілгенше Байқоңырдың көмірін пайдаланды. Байқоңырда көмір өндіру 1961 жылы тоқтады.
Байқоңыров Өмірхан Айтмағанбетұлы (14.9.1912, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кеңгір болысы – 15.3.1980 ж., Алматы) – техникалық ғылымдар докторы (1972), профессор (1959), Қазақ ҒА-ң академигі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1971). Әкесі Айтмағанбет Қаракеңгір бойынан көшіп келіп, жаңадан салынып жатқан Қарсақбай мыс қорыту зауытының құрылысына жұмыскер болып кірген. Ұлы Өмірхан ағаш шеберінің оқушысы. Күн тәртібінде жас қазақ жұмысшыларын дайындау өткір тұрды. Еңбекқор, білімге құмар жас жігіт Қарсақбай фабрика-зауыт мектебін бітіреді. Содан кейін Қарсақбай геологиялық кен барлау кеңсесінде коллектор болып істейді. Бірде Өмірханның әкесін Қ. Сәтбаев шақырып, былай депті: «Алеке, сіздің ұлыңыз жақсы азамат болып өсіп келеді. Ақылды, ойлы жігіт, бастамашыл және іздемпаз азамат болып өсіп келеді. Оқуы керек. Ол кәсіптік мектепте оқып жүрген соңғы жылдары тамаша бұрғышы болды, оқу бітіргеннен кейін үздік коллектор. Алайда табиғатынан дарынды баланы ұстай беруге