Ал Файзулла саспасын, жасап беремін деуден танбайтын. Шоң соңғы кезде оның жасап беретініне күмән келтіре бастаған. Содан кейін өзі барып сұрамайтын. Файзулла жасамаса басқа біреуге жасатуды ойлап жүрген. Соңғы рет Жойқынбектен тағы да айтып жіберген. Ол Шоңның сәлемін естіп, «Шоңға айттым ғой, жасап беремін» – деді.
Алдында Шоң Қоңырқұлжаның пәуескесін көрсеткен, соның үлгісімен жасаңыз деп. Файзулла көріп айтқан:
– Бұл пәуеске менің колымнан шыққан. Бұдан да артық етіп жасаймын.
Сұлтанның пәуескесі Шоңға қатты ұнайтын. Бұл өзі артықтау сөйлеп тұр ма, деп ойлаған, бірақ ештеңе айтпады. Елге қайтып кеткен.
Содан бері де күз өтті, кыс өтті, әлі пәуеске жоқ. Енді Файзулла сөзіне тіптен күдік күшейді. Бірде Ақмолаға бара жатқан Жойқынбекке тағы да:
– Анау татар менің шаруамды не істеп жатыр екен? Соны білші.. – Шоң ешқашан Файзулланы татар деп сөйлемейтін. Ыңғай Файзеке дейтін. Мына сөзді ашумен айтып отырғанын білді Жойқынбек.
Шоң сәлемін естігеннен кейін Жойқынбекті алып барып, жасап жатқан пәуескесін көрсеткен. Мен өзім осындай жасау үшін әдейі Бурабайға барып осыған келетін кисық қайыңдарды бірнеше күн қарап, одан табанын жасауға таңдап алдым. Шоң асықпасын, көктемге дейін пәуескені дайын етемін деген. Жойқынбек көрген, білгенін айтып келген. Бурабайдың қайыңынан пәуескенің табанын жасап жатыр дегенде Шоң түсінбей қайыра сұрады.
– Файзекең тек қыста жүретін етіп жасап жатыр ма?
– Шоңке, қыста да, жазда жүруге лайықтап жасап жатырмын дейді. Ғажап пәуеске болатын түрі бар.
Шоң Файзулланың керемет шебер екенін білетін. Қолынан не шықпасын бір жаңалықты ойлап табатынын әуелден байқап жүрген еді. Шоң өзі көзімен көрген Бурабайдың қисық қайыңдарын көз алдына елестетті, бұл ешқандай қолдан иіуді қажет етпейтін дайын тұрған шана табаны екенін білді. Табиғаттың өзі иген қайыңдарды пайдаланып жатқанын білді. Іштей Файзулланың тапқырлығына, білгірлігіне риза болды. Оның пәуескені ойдағыдай етіп жасайтынына сенімі күшейген еді.
Арада екі жарым айдай уақыт өткенде Файзулланын өзі, маусым айының ортасында қасында кіші баласы кісі бар, пар ат жекен пәуескені алып келді. Бұл Ақмола аймағында жоқ пәуеске болатын. Бар шеберлігін салып жасағаны көрініп тұр. Қыста төрт дөңгелегін алып тастаса шана болып шыға келеді екен. Жазда арба. Пәуескені көруге айналадағы сорпа бетіне шығатындардың бәрі жиналды. Таң қала қызығып, қызғана қараған еді. Енді байлар Файзуллаға бізге де осындай пәуеске жасап бер деп тілек айта бастады. Файзуллаға мұндай пәуеске жасау аса қиынға түскенін еді. Бұл пәуескені жасауға үш жылға жуық уақыт кеткен. Енді елге де мынандай пәуеске жасап берсе, бірінен-бірі көріп мазасын ала беретінін сезіп тұр еді. Содан кейін қулықпен елден құтылу үшін айтқан:
– Бұл сіздерге өте қымбатқа түседі, – деді Файзулла.
Есептің бәрін жылқы санымен жүрізетін қазақтардың әдеті еді. Біреу тұрып сұрады:
– Сонда қанша жылқы?
– Екі жүз жылқы.
Мына сөзді естіген қазақтардың көзі атыздай болып