Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап


Скачать книгу

Аманжолға айтқан: «Әкеңнің басына құран оқуға мына болыстар аттың басын әдейі бұрды». Бұл кезде болыстар басқа үйде жатқан еді.

      Аманжол мына сөзден кейін басылғандай болды. Содан соң айтқан, Шоңке өткен жолғы берген ақылыңыз дұрыс болды, Түркістанға апарғанда көптін бірі болып жататын еді әкеміз. Қазір ерсілі-қарсылы өткендер әкемнің басына тоқтамай, құран оқымай кетпейді.

      Карбышев отырып сұраған еді Шоңнан.

      – Сен Шоң Телқозинович, бұрын осында болғанда сондай ақыл-кенес бердің бе?

      – Бердім. Оным қате ме?

      – Дұрыс жасағансың. Сен бұл жаққа менімен ақылдаспай қалай келіп жүрсің. Соны білгім келіп отыр?

      – Ағыбайдың жылына шақырған. Оны сізге айтуды міндет деп ойламадым.

      – Шоң Телқозинович, бәрібір сен маған қүні бұрын айтуың керек еді.

      – Семен Иванович, кейде қазақ пен орыстардың талап-тілектері жанаспай кетеді. Сонда Ағыбайдың жылына бармасам, шақырып отырған адамдардың ренжиітінін білдім. Ал қазір сіз ренжіп отырсыз. Сондықтан менікі қате десеңіз, ағаттық болса, кешірім сұраймын.

      – Сен қу адамсың, Телқозин. Қандай жағдайда болсын ретін тауып кетесің. – Бұл кезде басқа үйдегі болыстар да келіп кірді. Бұл екеуінің арасындағы әңгіменің бәрі қайыра орысшаға ауысып кетті. Карбышев болыстардың естігенін қаламай отыр еді. Келген болыстардың ешнәрседен хабары жоқ еді. Шоң ояздың көңіл-күйі бері қарағанын түсініп айтқан болыстарға:

      – Қазір барып, жолай Ағыбай басына құран оқып кетеміз.

      Болыстар мынадай сөз айтып отырған Шоңға және оязға қарады. Карбышев айтқан:

      – Егер сендер де қалап отырсаңдар, барып құран оқыңдар. Темеш болысы отырып айтқан:

      – Шоңкеңнің мұнысы дұрыс.

      Мына сөз Шоңннан шығып отырғанын ояз Темеш болысының сөз саптауынан біле қалды. Бір жайсыз күйге түсіп қалғандай болды. Шоң оны біле қалып Карбышевке айтқан:

      – Қазақтар пәлен шақырым жерден құран оқу үшін келеді. Семен Иванович, анау губернаторға болыстар көңілді барады. Содан кейін айтып отырмын. – Бұл сөзін орысша айтқан еді. Карбышев Шоңның бұл сөзінің мәнін түсіне қалды.

      – Болыстар да сондай ойда болса барсын, – деді. Карбышевтың мына сөзіне болыстар да қуанып қалды. Ояз отырып болыстардан сұрады:

      – Ағыбай қазақ па, әлде төре ме?

      – Ағыбай төре емес, нағыз қазақ, – деді Шоң.

      Шоң Карбышевтің төрелерді жек көретінін білетін. Шоңның мына сөзінен кейін:

      – Ендеше, барып құран оқып қайтыңдар. Мына жерлестері риза болсын! – деді. Карбышев Кенесары көтерілісін ұйымдастырып жүрген төрелер деп білетін. Шоңның әлгі сөзінен кейін Ағыбайға, оның балаларына деген ашуы басылып қалды. Карбышев отырып сұрады:

      – Екінші баласы қайда?

      – Ол Бұхар базарына сауда жасауға кеткен.

      – Сендер Ақмола базарына да келіп малдарыңды сатып тұрындар.

      Шоң отырып ойлады. Ояздың көзқарасы Ағыбай балаларына әлгі төре емес сөзінен кейін өзгере бастағанын білді. Аманжол тұрып айтқан оңашада:

      – Мынау