Айнур Женисбековна Аймурзина

Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер


Скачать книгу

– бойжеткен қыз, өз бетінше өмір сүре алу қабілеті өте зор, таңғаларлық мейірімді және кішіпейіл жан. Ақшаны асқан шыдамдылықпен жинай және үнемдей алады. Бойында еңбекқорлығы басым, қандай тірлікті болмасын мұқият, ұқыпты және жауапкершілікпен істейді. Бұған қоса біз әрдайым түрлі тақырыпта сөйлесіп, өз көзқарасымызды ашық айта аламыз. Және мұнымыз күн өткен сайын жақсара түсуде.

      Алайда барлық жақсы қасиеттеріне қарамастан, Мәдина өзін көрсете алмайды, себебі ол – өте қарапайым және тартыншақ қыз. Басында мен оны асықтырып, алға итермелегім келді, бірақ ол одан сайын тұйықталып қалатын. Қазір әр нәрсе өз уақытымен екенін түсіндім, уақыты келгенде бойына сенімділік жияды, сол кезде өзі үйренген жайлылық шеңберінен міндетті түрде шығады. Мен оған алға қарай батыл қадам жасауды, ештеңеден тайсалмауды тілеймін, армандардың орындалатын ерекше қасиеті бар!

      Жақын адамым, менің отбасымның мүшесі, оның менің өмірімде бар екеніне шексіз бақыттымын. Мен оны қатты жақсы көремін.

      Мәдина

      Айжанның пайда болуы менің өміріме ерекше жақсы әсер етті. Ол – дана, еңбекқор, адал, қамқор, ақылды және қарапайым жан. Мен оның саяхаттауды, жаяу жүргенді, дұрыс тамақтануды ұнататынын білемін, ол табиғатты және оған қамқорлық жасауды жақсы көреді, тағы да тәттіні жақсы көреді және тағамды дәмді әзірлейді. Айтпақшы, Айжан маған түрлі тағам дайындауды, дұрыс тамақтануды үйретті, қазір мен де табиғат пен қоршаған ортаны жақсы көріп кеттім. Мен одан күнделікті көп пайдалы және маңызды ақпаратты біліп отырамын. Жас айырмашылығымызға қарамастан, мен оның жанында өзімді жайлы сезінемін. Біз көптеген керемет сәттерді кештік. Мысалы, бассейнде шомылған немесе Медеуге барған кезімізді айтуға болады. Ол маған маникюрге арналған аппарат машинасы мен өзге де көп нәрсе сатып әперді. Өзі – өте заманауи адам, сондықтан да екеуімізге айтар әңгіме табылады. Айжан жай тәлімгерім ғана емес, ол – менің әпкем.

      Мен оған шын жүректен тек жақсылық тілеймін, армандары орындалсын, ең бастысы, туыстары аман болсын, себебі Айжан оларды өте бағалайды және жақсы көреді. Мен әлемге кең ауқымда қарауға мүмкіндік бергені үшін Айжанға алғыс айтамын.

      Жаңа дүниелер тану

       «Қорықпау керек, күмәнданбау керек: «жолды – жүрген игереді».

      Тәлімгер – Александра, 32 жаста

      Қамқорлықтағы бала Нұрзат, 14 жаста

      2 жылдан бері жобада

      Александра

      Мұны, бәлкім, қиындық деп атауға да келмес, керісінше, балаларда қаншама өмірлік дағдының жоқтығын түсінгендіктен туған мұң десе болар. Мысалы, балалар үйінен сырттағы алғашқы серуенімізде біз қанша ақша жұмсайтынымызды алдын ала келісіп алдық. Ақша таусылып қалғанда Нұрзат шынымен аңырып қалды – «Бұл қалай болғаны, банк картасы бар ғой, онда әрдайым ақша болуы керек!». Немесе бір жерің ауырса, тиісті дәріні беретін медицина қызметкері бар, сондықтан қай жері ауырғанда қандай дәрі ішу керегін білмейтіні де есімде. Ол да, өзге балалар да көптеген мәселелерде шынайы өмірден сырт қалған. Бірақ Нұрзатқа көрсетіп,