Тайыр Күзекұлы Назханов

Адвокатпен сұхбат


Скачать книгу

жағдайын және оның болашақ тағдырын, жазасын жеңілдетуі мүмкін. Тек, егер ол фактілерге сәйкес келсе және оларды бұрмаламаса ғана. Кейде, күдікті жоқ жерден істі өзі ойлап тауып немесе оны көбейтіп жатады. Нәтижесінде, әділеттілік, сонымен қатар, бүкіл қоғам зардап шегеді, өйткені нағыз қылмыскерлер бостандықта қалады және жазадан босатылады.

      ДАНИЯЛ – Не себепті күдікті өзіне-өзі жала жабады?

      ТАЙЫР – Құқық қорғау органдарында қылмыстық қудалаумен екі қызмет айналысады – анықтау және тергеу. Олардың арасында мүдделер қақтығысы жиі болып жатады. «Оперлар» үшін көрсеткіш – ашылған қылмыстардың саны, осы көрсеткіш бойынша олардың жұмысының сапасы бағаланады.

      ДАНИЯЛ – Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысуының диалектикалық Заңын мектепте өткенбіз, есімде…

      ТАЙЫР – Мәселенің мәні осында, мұнда диалектика мектептегі- дей үстіртін… Себебі тергеушінің жұмысының сапасы сотқа берілген істердің санымен бағаланады.

      ДАНИЯЛ – Бұл жерде мүдделер қақтығысы неде? Қандай істі ашты, соны берд?

      ТАЙЫР – Әрине, егер бәрі де шын мәнінде адал ашылған болса.

      ДАНИЯЛ – Енді түсінген сияқтымын.

      ТЕРЕЗЕНІ АшЫҚ ҚАЛДЫРМАҢЫЗДАР!

      ТАЙЫР – Әрқашан «ашылған» қылмыс сотқа жіберілген іспен бір- дей бола бермейді. Оперлар тергеушілерге: Міне, біз сізге қылмысты ашып бердік, неге істі жібермейсіздер? – деп жатады. Өзім тергеуші болып жұмыс істеген кезде есімде, ұрлық туралы бір іс болды. Бір «Фор- точникті», яғни ұрлықшыны ұстадым.

      ДАНИЯЛ – «Форточник» – бұл пәтер ұрлығының маманы ма? Ал атауы – пәтерлерге кіру әдісіне байланысты қойылған шығар?

      ТАЙЫР – Сонымен, бір күні маған бүкіл аудандағы 35 ұрлық эпи- зодымен опер келеді де, мұның бәрі менің «форточнигімнің» ісі дейді. Бұл маған таңқаларлық жайт болып көрінді. Бірақ опер өз сөзінен тай- май, тергеу эксперименттерін жүргізуді ұсынады. «Форточниктен» жауап алып жатырмыз: «Мұны дәл сіз жасадыңыз ба?». Ол: «Иә, бұл менің ісім» – дейді. Іс сотқа кетті. Сөйтіп, ол сотталды.

      ДАНИЯЛ – Барлық оқиға бойынша ма?

      ТАЙЫР – Солай болса ғой! Бастапқыда ұстаған жалғыз бір іс бой- ынша. Қалған отыз бес іс бойынша – ақталды. Дәлелдер сәйкес келмейді, ол жерде тіпті алибиі бар. Міне, сізге өз кінәсін мойындап келгені! Оның жолы болды, әйтпесе, бөтен біреудің қылмысы үшін отыратын еді. Ал, ол қылмысты жасаған адамдар әлі күнге дейін еркіндікте жүретін еді. Енді, олар ұсталып, жазасын өтеді деген үміт бар.

      ДАНИЯЛ – Иә, мұндай өкінуді шынайы деп айту қиын. Ал, ол немен түсіндірілді?

      ТАЙЫР – Оған опердың не айтқанын немесе не уәде еткенін біл- меймін… Негізі, бұл «форточник» нашақор және мәжбүрлеп емделуге жатқызылған.

      ДАНИЯЛ – Мұндай адамдарға қандай уәде беруге болатыны түсінік- ті. Оларды басқару да қиын емес.

      ТАЙЫР – Өкінішке орай, солай. Сондықтан да, «кінәсін мойындау- дың» арқасында ашылған істерге әр- дайым мұқият қарау керек және кейбір жағдайларда қорғаушы тарапынан өте орынды күмән болуы керек. Қылмы- стық істі оқып жатқанда,