аяттарын жоқка шығарып
Оның пайғамбарларын еш жазықсыз,
өлтіргені үшін31
Қарсы келіп, барлық шектен шыққаны үшін32.
62.
Шындығында (Құранға) иман келтіргендер,
Яһудилер, назорейлер-3 мен сәбейлер34 –
Аллаға және Ақырет Күніне сенгендер,
Жасап жақсы амалдарды,
Сыйлық алар Алладан,
Оларда еш қорқыныш болмайды,
Әрі олар қайғырмайды.
63.
Мынаны еске алындар:
Біздің сендерден уәде алғанымызды Тауды35
Көтеріп айтканымызды:
“Біз сендерге түсіргенге36 берік болыңдар,
Сендер (ашылған сырды) есте сақтандар,
Сонда бәлкім тақуа боларсыңдар”, – деп.
64.
Бірақ одан кейінде сендер жалтардыңдар,
Соңда Алланың сендерге деген
Қайырымы болмаса,
Әлбетте ұшырар едіңдер зиянға.
65.
Рас, сендер білесіндер,
Сенбінің37 қағидасын бұзғандарды.
Біз айттық оларға: “Маймылға айналындар,
Жиіркенішті, қор болған”, – деп.
66.
Бұл жазаны Біз үлгі қылдық,
Сол елге және ұрпақтарына,
Әрі сақтанғанға өсиет.
67.
Мынаны еске алыңдар,
Мұсаның қалай өз жұртына айтқанын:
“Алла сендерге сиырды бауыздауға38 бұйырды”, – деп.
Сонда олар айтты:
“Бізді мазақ етіп тұрсың ба?” – деп.
Ол айтты: “Алла мені сақтасын,
Ақымақтардан болудан! – деп.
68.
Сонда олар айтты:
“Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,
Ол сиыр қандай болуы тиіс”, – деп.
Ол айтты:
“Ол кәрі де емес, жас та емес,
Орта жасар болсын, – деп, -
Алла айтты сендерге,
Ал енді орындандар үкімді”, – деп.
69.
Сонда да олар айтты:
“Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,
Ол сиырдың түсі қандай болсын”, – деп.
Мұса айтты: “Ол сарғыш түсті, дағы жоқ
Көрген көзді қуантатын болсын, – деп, -
Алла айтты сендерге”
70.
Олар айтты:
“Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,
Қандай болсын ол сиыр,
Өйткені ұқсас сиыр көп екен,
Тек қалауымен Алланың
Дұрыс тандау жасармыз”, – деп.
71.
(Мұса) айтты оларға: “Ол сиыр
Жер жыртуға, су тасуға жегілмеген,
Теңбілі жоқ оның, болсын кіршіксіз”, – деп.
Сонда олар айггы:
“Міне, енді келтірдің шындықты”, – деп.
Сосын бауыздады сиырды,
Құлықсыз, әрең жүріп орындап.
72.
Мынаны (еске алыңдар), қалай
Сендер өлтіріп болып тірі жанды,
Өзара жанжалдасып тартыстыңдар.
Бір-бірінді “жауыз” деп айыптап,
Сонда құдіретімен Алланың
Жасырғандарың айқын болды.
73.
Біз айттық:
“Сиырдың бір мүшесін алыңдар да,
Өлікті сонымен қағындар”, – деп.
Алла