Мушкеттің орнын винтовка алмастырды, бірақ жалпы әскери іс өзгеріссіз қалды. Жалпы әлемді өзгертуге қабілетті технологиялар өте сирек кездеседі. Бірақ бүгінде ЖИ адам тәжірибесінің барлық аспектілерін түбегейлі өзгертуден белгі беруде және бұл өзгерістердің негізгі бөлігі философия деңгейінде болады. Әлем және ондағы адамның рөлі туралы түсінігіміз өзгереді.
Бұл соңғы ғасырларда біздегі алғашқы революциялық ығысу болғандықтан, осы тәжірибе біз үшін бір уақытта терең және қарама-қайшылықты болуда, біз оған біртіндеп еніп, нақты ненің болғанын және алдағы жылдары ненің болуы ықтимал екенін аса жақсы түсiне алмай, бейтарап түрде өткереміз. Бұл ығысудың негізін компьютерлер мен Интернет салған. Осы процестің шыңында ЖИ адам қызметінің барлық салаларына еніп, біздің ойлауымыз бен өмірімізді жаңа дәрілермен және шет тілдерінен автоматты аудару құралдары сияқты біз түсінетін дүниелермен және адамның болашақ қажеттіліктерін болжай алатын немесе шебер түрде қалыптастыратын бағдарламалық процестер сияқты түсініксіз тәсілдермен толықтырады. Бізді ЖИ және машиналық оқытудың перспективалары қызықтырды және күрделі ЖИ жұмысына қажетті есептеу қуатының құны төмендейтіндіктен, өзгерістер барлық дерлік салаларды қамтитын болады.
Бүкіл дүниежүзі бойынша біздің күнделікті өміріміздің қарқыны мен мәніне – тұрғын үйлерді салу мен жайластыруға, көлік пен логистикаға, ақпаратты таратуға, қаржы мен саудаға, қауіпсіздік пен қорғанысқа, яғни адам бұрын өз бетінше айналысқан барлық нәрселерге ендірілетін бағдарламалық процестердің торы тапжылмай, көбінесе білінбестен, бірақ бұлтартпай өрістеуде. Бұл бағдарламалық процестер ақпаратты өңдейді, біздің мүмкіндіктерімізді толықтырып, әрекеттерімізден үйренеді және бізге түсініксіз тәсілдермен жұмыс істейтін ЖИ қосымшалары көптеп пайда болады. Олар өздеріне жүктелген міндеттерді орындайды, бірақ біз олардың не істеп немесе нені анықтап жатқанын және олардың қалай жұмыс істейтінін әрдайым біле бермейміз. Адамға қарағанда өзгеше «ділдік» жазықтықты алып, ЖИ ақпаратты қабылдау мен өңдеуде біздің тұрақты серігіміз болады. Біз оны құрал, серіктес немесе қарсылас деп санасақ та, ол біздің саналы тіршілік иесі ретіндегі тәжірибемізді және әлемге деген көзқарасымызды мәңгілікке өзгертеді.
Адам ақыл-ойының тарихтағы негізгі орынға апаратын жолы көптеген ғасырларға созылды. Батыста баспахананың пайда болуы мен протестанттық Реформация ресми иерархияға ұран тастады және біздің өмірлік координаттарымыздың бүкіл жүйесін өзгертті, яғни Құдай туралы Қасиетті жазба мен оның ресми түсіндірмесі арқылы білудің орнына адамзат өз күшін талдау және зерттеу арқылы білімді іздеуге бағыттады. Қайта өрлеу дәуірінде ойшылдардың классикалық еңбектері және әлемді зерттеу әдістері қайта ашылды, олардың көкжиектері мұхиттардың арғы жағынан табылған жаңа жерлердің арқасында кеңейе түсті. Ағартушылық дәуірінде Рене Декарттың cogito ergo sum («Мен ойлаймын, сондықтан