Махан Мақпал

Астана әңгімелері. Бәріне кінәлі жалғыз сен…


Скачать книгу

қарап, ойланып кеткен Ақмаралдың артынан келіп, Берік екі қолымен толтыра құшақтап, желкесінен түскен шашын иіскелей, қолындағы гүлін ұсынып:

      Ай мүсінді Маралым менің! – деп, құлағына сыбырлап, Ақмаралды өзіне қаратып, қойнына ендіріп жіберген.

      Қыздың көздері мөлдіреп:

      Жаным, мен сені жанымнан да артық жақсы көремін! – деген.

      Берік сүйіктісінің нәзік қолдарынан ұстап тұрып, дірілдеген қатаң, жуан даусымен сүйікті әнін шырқай жөнелген.

      Ақ гүлдер, көк гүлдер, бәрі де гүлденер,

      Таңертең мазалап самал жел.

      Айлы түн астында, ақ гүлдер қасында

      Өзіңді сүйгіздің басқаға…

      – деген кезінде Ақмарал әнді бөліп жіберіп:

      – Ар жағын айтпашы, жаным мен сенен басқа ешкімге өзімді сүйгізбеймін! – деп тоқтата қойған еді.

      ***

      Күздің дауылды түні болатын. Астананың ызғарлы желі борап тұрған. Вокзалдың маңайында зулаған көліктер тынымсыз ағылып, адамдар өз шаруаларымен арпалысып жүрген уақыты еді. Тағдырдың тұтқынына түскен әйелдер мен қыз-келіншектер жұмыс орындарында селтиген.

      Берік пен Ақмарал жылы киінген. Жігіт қыздың жол сөмкесін қолына ұстаған күйі бірінші жолға келіп тоқтаған пойыздың қасында шығарып салуда. Ақмаралдың орамалын өзі мойнына орап беріп, қыздың мөлдіреген көздерінен мөлтілдеп аққан жасты сүртіп, құрғатқысы келеді. Берік Ақмаралды жұбата келе, құшақтап, аймалайды.

      Сен неге жылайсың, томпақ күшігім, бір айдан соң қайта ораласың ғой, кішкентайым?! – деп Берік қыздың көзінен сүйеді.

      Сені қимай тұрмын, жаным.

      Мен де.

      Сені қатты сағынамын Берік.

      Ал мен сені уже сағындым! – дескен ғашықтар ұзақ тұрып, бір-бірін қимастай қоштасқан.

      Пойыз жүріп кеткенде көңіл-күйі түсіңкіреген Ақмаралдың назары енді өзінің қолдарына түскен. Саусағынан күні кеше ғана сүйіктісі сыйлаған асыл тасы бар алтын жүзігін көргенде жымиыңқырап, сәл болса да көңіл-күйі көтеріліп қалып, қалта телефонына үңілген болатын. Беріктен хабарлама келген екен. «Егер сыныптастарыңмен кездессең, достарыңмен, құрбыларыңмен хабарлассаң, интернетке, агентке кірсең өз қолыммен сені өлтіремін! Ауылыңа жеткен соң әрбір басқан қадамың жайлы сағат сайын хабарлап отырмасаң, өз қолыммен өлтіремін, жаным!» деп жазылған смс-ті оқыған кезде Ақмаралдың көздері қарауытып, қолдары дірілдеп, аққұба жүзі сұрланып кеткен еді. Отырған жерінде сұлық отырып қалды. Жан сырымен бөлісіп жүрген, сезіміне бас иіп, болашақ жарына балап жүрген сүйіктісінен келген зілді хабарламасы Ақмаралды шошытқан. Өзін «Беріктің аялаған ақ құсымын» деген ойлары нөсер жаңбырымен шайылып кеткендей.

      Купенің ішінде сырын ақтара ашуға сай ешкім болмаған соң, Ақмарал іштей барлығын ойланған. Жанындағы алпыс жас шамасындағы әйелмен бір-екі ауыз сөзбен алмасумен ғана шектелген, ары қарай бүгінгі болған жайды іштей ойлап, ойдың тұңғиығына батып кеткен.

      Созыла жатып, өзінің бір сәтте өзгергенін сезінген, бұл жалғанның бір