Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе


Скачать книгу

(1993 жыл. Қазақ университеті) «Материалы к истории киргиз-казахского народа» мақаласының «В. «Младшая Орда» тарауының «10. Алчыны» бөліміндегі топонимикалық мысалдар толық дәлел. Біздің ойымызша алшындардың ауу мезгілі–Түркі қағанатының құлауымен тұс па тұс уақыт. Ал, әңгімені тереңдетсек «л-ға» тілі келмейтін Қытайдың «ашын» («аш-ин») деп жүрген жұрты да осы АлшындарАлтайды мекендеген жұрттарАлшындар болатын» (Ақтөбе. «Арсенал» баспа үйі. 1990 ж. «Рух» газеті. «Рушежіре»). Олай болса жоғарыда келтіріп отырған деректеріміз құрамында кіші жүз ру-тайпалары бар қазақтар тарихының IV ғасырға жататындығын тағы бір растап кетеді. Сондықтан черкештердің таулықтар емес, біздің он екі ата байұлына кіретін шеркештермен туыс, түбі түркі қандас бауырларымыз екендігін баса айтып кеткіміз келеді. Әйтпесе, олармен қоғамдық тіршілігі, салт-дәстүрі ортақ Қазақия қауымдастығында кезінде бірлесе өмір сүруіміз неғыйбыл емес пе еді.

      Сөздің реті келіп тұрғасын айтқымыз келеді, атақты Бейбарс өзі мен Ибн Халдун жазған «Қыпшақтар шежіресінде», мәселен, өзін қыпшақтың брж-оғлы руынан шыққанмын дейді. Араб зерттеушісі Аль-Айни де өз жазбаларында осыны құптайды. М. Тынышпаев жоғарыда аталған мақаласында зерттеуші Л.Будаговтың «берж»(«брж») сөзі тобыл татарларының тілінде қайыспас, берік деген мағынаны, ал «бурудж» сөзі «қорған» деген ұғымды береді дейтінін, ал қазақ тілінде «берш» деп дененің қатқылданған жерін айтатынымызды жазады. Ғалым зерттеуші Леп-Пуль-Стенлидің египеттік мәмлүк сұлтандарының екі әулеті болды, 1250–1390 жылдар аралығында «бах-ри»(«өзен»әулеті) және 1390–1517 жылдар аралығында «бурджи»(«қорған» әулеті) әулеттері билік жүргізді деген деректеріне сүйене отырып, «Выше мы видели, что подводная скала на р. Томи названа «буриш». Кстати заметим, буква «ш» в словах восточных тюрок обычно переходит в «дж» у западных тюрок (например, у осмнлисов). Из сопоставления указанных слов надо думать, что наименование династии «буруджи» произошло не от слова «башня», а от рода «бердж» или «берш». Это вполне потверждается вышеуказанным показанием султана, что он «происходит от «брж» или «берш», тюркского народа», -дейді. Ұзын сөздің қысқасы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні–аты аңызға айналған әйгілі мәмлүктік Мысыр билеушісі Бейбарстың (1223–1277ж.ж.) да осы Алтайдан қоныс аударған аты алты алашқа мәшһүр болған атақты алшынның тілге тиек етіп отырған беріш руынан екендігін еске сала кету.

      Шежіре зерттеушісі Жарылқап Бейсенбайұлы жоғарыда аталып кеткен өз шежіресінде араб жазушысы Аль-Айнидің деректеріне сүйене отырып, жасы 57-ге келген Бейбарсты улап өлтірген Қалауын сұлтанның да қыпшақтардың Берж руынан екендігін айтып кетеді. «Зерттеушілердің айтуынша Бейбарстың ата-тегі де сол Қазақия өңіріндегі Дербент маңынан, Үстірт, Еділ, Қаратеңіз аралығын жайлаған қыпшақтардан. Ол он жасқа келгенде елі шапқыншылыққа ұшырап, өзін моңғолдар итальян көпестеріне сатыпты, олар оны әрі қарай Мысырға жөнелткен. Сол жерде мәмлүктер