К. А. Саркенова

1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы


Скачать книгу

орны қайда болды, ал егер оқитын болса төлемақы ала ма, егер жұмысы болмаса, жұмысқа жарамсыз ба, ауыл шаруашылы саласында қандай шаруашылық түрімен байланысы бар110 деген сұрақтарды қамтыды.

      1923 жылғы санақта 1920 жылы өткен санақтың еленбеген жақтарына ден қойылды. Өндіріс орындарының жинақтық мәлімет кестелерінде мемлекеттік, кооперативтік және жеке меншіктік өнеркәсіп түрлері әлеуметтік жағынан жіктеліп, 1920 жылдың мәліметтерімен салыстырыла көрсетілді. Материалдардың бұндай жиынтығы қала мен қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін зерттеуде ғылым үшін таптырмас дерек көзі болды111.

      Орталық статистика басқармасы 1923 жылғы қала халқы санағының материалдары қорытындыларын 1924 – 1925 жылдары ел, аймақ және ірі қалалар бойынша жариялады112.

      Сонымен осы санақ және басқа да материалдар бойынша Қазақ АКСР-інің қала мен қала типіндегі халық саны төмендегіше болды:

15-16-сызба

      Қалада жүргізілген санақ бойынша, Қазақстанның 44 қаласы мен қала типіндегі қоныстардың халқы 446 323, оның 217 032-сі ер адам, ал 329 291-і әйелдер болған113.

      Қазақ АКСР-індегі қала халқы жынысы жағынан төмендегіше бөлінген:

17-сызба

      Дерек: Харлампович К. Национальный состав КССР по переписи 1923 г. // Статистический вестник. 1924. № 5. – С. 65 – 66.

      Кесте көрсетіп отырғанындай, Қазақ АКСР-інде әйелдер еркектерден 51,4 %-ға, ал орыстардың арасында тіпті 53 %-ға дейін басым болды. К.Харламповичтің пікірінше әйелдердің еркектерден басым түсуі орыс мемлекеті үшін үйреншікті жағдай, ал соңғы он жылдықта оның ұлғаюы дүниежүзілік соғыс пен азамат соғысына байланысты орын алған114.

      Керісіше, ер адамдардың әйелдерден басымдылығы қала қазақтарына тән болған: ер адамдар – 57,2 %, ал әйелдер – 42,8 %. Сонымен қатар ер адамдардың басымдылығы мадьярлар (124 еркек, 13 әйел), латыштар (298 ер адам, 194 әйел), эстондар (93 ер адам, 67 әйел), литвалықтар (114 ер адам, 72 әйел), чехтар (87 еркек, 39 әйел) арасында кездеседі. Басқа ұлттардың арасында еркектердің басымдылығы қытайлар (111 еркек, 10 әйел), кәрістер (44 еркек, 8 әйел), шеркештер (28 еркек, 8 әйел), армяндар (43 еркек, 16 әйел), түріктер (48 еркек, 11 әйел), әсіресе, башқұрттар (245 еркек, 148 әйел) арасында болды115.

      1923 жылғы санақ бойынша қаланың 446 323 адамы ұлттық құрамы жағынан төмендегіше жіктелді: орыстар – 308 272 адам (69,0 %), татарлар – 62 497 (14,0 %), қазақтар – 39 337 (8,8 %), украиндар – 18 979 (4,3 %), белорустар – 4 373 (1,0 %), еврейлер – 3 633 (0,8 %), немістер – 3 236 (0,5 %), поляктар – 1 811 (0,4 %), мордвалар – 785 (0,2 %), «батыс еуропалық ұлт өкілдері» – 1 401 (0,3 %), «орта азиялық ұлт өкілдері» – 1 483 (0,3 %), «басқалары» – 1 516 (0,4 %).

      Қала халқы 12 ұлттық топқа бөлінді, ең ірісі орыстар, екінші орында татарлар, үшінші орында қазақтар тұрды. Одан кейінгі қала халқы ішіндегі сан жағынан басымдарға украиндар, белорустар, еврейлер, немістер, поляктар, мордвалар жатты116.

      «Батыс еуропалық топқа» (поляктар мен немістерден басқа) Батыс Еуропаның көптеген өкілдері: латыштар (492 адам), литвалықтар (185 адам), эстондар (160 адам), мадьярлар (137 адам), чехтар мен словактар (117 адам) кірді. Орта Азия халықтары өкілдерінен