Ғарифолла Есім

Сана болмысы


Скачать книгу

асқақ арманы. Өткен ғасыр басындағы Алаш азаматтары ел атануды саяси мақсат еткен.

      Президент осы айтылып отырған мәселенi теориялық тұрғыдан жан-жақты қаралуы, практикалық тұрғыдан тиянақталуы қажет деп отандық ғалымдардың алдында жаңа мiндет қойып отыр. Президентiмiз айтқандай, «ел» деген ұғымының астарында бiрiктiрушi, топтастырушы күш жатыр деген рас сөз, бiздiң санамызға болашақта ең сiңiстi ұғым «ел» болмақ. «Қазақ елi» монументi – соның кепiлi. Әрине, солай дегенмен қазақ елiнде қоян-қолтық бiрiгiп өмiр сүрiп жатқан өзге ағайындарды қалай атамақпыз? Жоғарыда айтқан этнос деген мәндi ұғымды қолданып, қазақ елiнде көптеген этнос өкiлдерi бейбiт түрде азаматтық негiзде өмiр сүруде деп мақтанышпен айтуға әбден болады емес пе?!

      Ұлт дегендi лениндiк ұлт саясатына қатысты ұғым екенiн мойындасақ, егемендiк жағдайында өзiмiз туралы қазақ ұлты демей, қазақ елi, қазақ халқы, қа-зақ этносы деген терең мазмұнды ұғымдарды қолдансақ, саяси лексикамыз заманға сай болмақ деген ойдамын. Сонымен бiрге қазiргi жағдайда қазақ тек этнос емес, азаматтық ұғымға ұласып бара жатқанын байыптап алғанымыз жөн. Өйткенi бүгiнде, құдайға шүкiр, елiмiзге өзiмiз иемiз. Сондықтан қазақ елiнiң азаматтарының бәрi келешекте «қазақ» болып аталмақ, әрине, бұған да белгiлi уақыт керек шығар, бiрақ қазақ елiнде ғұмыр кешiп жатқандарды кiм демекпiз? Мысалы, шетелге бiздiң елден iссапармен және басқа да жағдаймен барғанның бәрiн «қазақтар» дейдi. Сондықтан әлемдiк дәстүрге бой ұсынсақ, қазақ елi-нiң азаматтарының қазақ атануы таң қалатын iс емес.

      «Қазақ елi» монументiнiң алдында тұрғанда қазақ мәселесi ойға орала беретiнi табиғи жағдай. Бұл монументтiң тәрбиелiк, тағылымдық мәнi зор және әрбiр қазақты тек бүгiнгi күн емес, болашақ туралы ойлантуы заңды. «Қазақ елi» монументi өткен күндi көз алдымызға елестетумен бiрге келешек туралы ой қозғайды. Алға басу үшiн жол керек, ол қандай жол дегенде Президент атап айтқан «қазақстандық жол» – дегендi айтпақпын. Бiрақ бұл жолдың мазмұны неде, кешегi күнi социализм жағдайында өмiр кештiк, бүгiнде капитализмге ұқсас қоғам құрудамыз. Менiң айтарым, бiздiң елдiң жүретiн жолы социализм де, капитализм де емес, жаңа жол болуы керек. Ол үшiн кезiндегi Жапонияның, бүгiнгi Финляндия елiнiң тәжiрибесiн ескерген жөн. Бұл жерде басты мәселе орта бизнес пен алпауыттар арасы алшақ болмауы керек. Олигархиялық байлыққа тежеу салық арқылы реттелуi қажет. Олигархтық мәндегi капитализм жақсылыққа бастамақ емес, Елбасы қымбат автокөлiк, аса бағалы тұрғынжайы барларға салық мөлшерi де соған сай болуы керек деген ойды үнемi бiлдiруде. Бiздiң қоғамның мақсаты – ұсақ және орта бизнестi мейлiнше жетiлдiру. Ойлаймын, қазiргi ипотека дағдарысына қатысты елiмiзде жүрiп жатқан қаражат ресурстарының реттелуi, негiзiнен, қашан болмасын болуға қажеттi шаралар едi. Бүгiнде әр нәрсенiң нақты құны анықталуда. Мұны бiр десек, екiншiден, кезiнде социализм капитализмнiң әлсiздiгiнен шыққанын мойындауымыз керек. Егер капитализм қуатты болса, социализм дүниеге келмес едi. Капитализмнiң әлеуметтiк жүйесi әлсiз болды, пайда табу iсiне жерiк болғанымен, ол әлеуметтiк