индустриалды елдердің» айдаһарларының бірі деп аталуына себеп болған жағдайларды атаңыз.
4. Оңтүстік Кореяда Демократтық-либеральды партияның (ДЛП) құрылуына тиімді ісер еткен жағдайларды атаңыз.
§ 3. Солтүстік Корея
КХДР-дағы социалистік жаңарулар (1953-1956). Корей түбегіндегі соғыс (1950-1953) аяқталған соң кхДР-дың басты мақсаты соғыста күйреген шаруашылықты қалпына келтіру болды. Әскери қимылдардың салдарынан Солтүстік кореяның негізігі қалалары, өндіріс орындары, коммуникация желілері мен суландыру құрылыстары қирап қалған болатын. Мысалы, ел астанасы Пхеньянда тастан салынған бір ғана ғимарат аман қалды. Елді қайтадан қалпына келтірумен бірге корей Еңбек партиясының Орталық комитеті социалистік жаңартуларды жалғастыруды, атап айтқанда, ауыл шаруашылығын кооперациялауды жеделтеуге шешім қабылдады. кСРО, Қытай және басқа да социалистік елдердің көмегімен ел шаруашылығын қалпына келтіру жаңа техникалық негізде жүзеге асырылды. Бұл еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Ел шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру жылдарында Солтүстік кореяда 240 кәсіпорын қайтадан қалпына келтіріліп, жаңадан 80 мекеме іске қосылды. 1956 жылдың тамызына қарай еңбек өнімділігі соғысқа дейінгі (1949) деңгеймен салыстырғанда екі есе өсті. Ауылшаруашылығын қайта құру жұмыстары да табысты жүргізілді. Ең алдымен елдің агаралық секторының негізін құрайтын суармалы жерлерді (дамбалар, бөгеттер, су айдайтын бекеттер, каналдар) реконструкциялау жұмыстыры атқарылды.
Шаруашылық пен бейбіт өмірді қалпына келтірудегі табыстар халық бұқарасына білім алуға есік ашқан мәдени революцияны жүзеге асыру кЕП пен оның жетекшілігінің ел ішіндегі беделін күшейтті. Осы жылдар ішінде ким Ир Сеннің «халықты жеңістенжеңіске бастайтын дана көсем» ретінде жеке басына табыну пайда болды. Оның 1930-шы жылғы жапон басқыншыларына қарсы партизандық қозғалыстағы рөлі асыра көрсетіліп, ел ішінде ол коммунистік идеяға жан-тәнімен берілген адам ретінде дәріптеле бастады.
КХДР-дың 1957-1985 жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Солтүстік кореядағы социалистік жаңарулар табысты жүзеге асырылып жатқан жағдайда 1956 жылдың сәуірінде кЕП-тің ІІІ съезі өтті. Ол елдің «социалистік индустрализацияға» бағыт алғандағын белгілеп, халық шаруашылығын дамытудың бес жылдық (1957-1961) жоспарын қабылдады. Жоспарға сай бес жылдықтың соңында өндірістің жиынтық өнімі 2,6 % асу керек болатын. Сонымен бірге өндірісте маңызды құрылымдық қайта құрулар жүзеге асырылуға тиіс болатын. Алғашқы бесжылдық кезеңінде барлық күш-жігер жаңа өнеркәсіп орындарын құруға жұмсалды. Жаңа кәсіпорындардың жобасына сол кездегі алдыңғы қатарлы техниканың жаңалықтары енгізілді. Бұндай шешім өндірістегі еңбек өнімділігінің шапшаң артуына (жылына орта есеппен 1,4 %) алып келді. Ал өнім өндірудің орташы жылдық көрсеткіші 36,6 % жетті. Ауыл шаруашылығының дамуы осы шамада болды. Нәтижесінде бесжылдық жоспар мерзімінен бұрын 1960 жылы орындалды. Сонымен бір мезгілде тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтауды