Рыскелді Мырзабекова

Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім


Скачать книгу

арқылы таптық қақтығыстарды бәсеңдетуге ұмтылды. Қоғамның ішкі саяси ахуалын тұрақтандыруға бағытталған жаңа кабинеттің тактикасы «иліккен қалыпта жүргізілген саясат» (тэй-си-сэй) деген атқа ие болды. 1964 жылдың күзінде премьер-министр Икэда науқасына және ЛДІI ішінде ұзаққа созылған күрестен кейін қызметінен кетті. ЛДП көшбасшысының рөлі Жапонияның іскер және қаржы топтарының қолдауына ие болған Сато Эйсакуге өтті. Сато кабинеті Жапонияны қайта қаруландыруға қажетті қолайлы жағдайлар қалыптастыратын және еңбекшілердің әлеуметтік, саяси құқықтарын шектейтін өзгерістерді енгізу үшін конституцияны қайта қарау туралы ұсыныстар қажет екендігін дәлелдеуге талпынды.

      ХХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Жапон «экономикалық ғажайыбы». XX ғасырдың 60 жылдары Жапония экономикалық даму қарқыны бойынша әлемнің басқа дамыған елдерін басып озды. 1969-1970 жылдары Жапонияда ұлттық жиынтық өнімнің орташа жылдық қарқыны 11 %-ды құраса, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 2,8 %-ды, ал АҚШ-та 4,1 %-дан аса алмады. Жапонияда өнеркәсіптік өндіріс 1951-1970 жылдары орта есеппен жылына 15,2 %-ды, Ұлыбритания мен АҚШ-та – 3 және 4 %-ға өсті. 1950 жылы капиталистік өнеркәсіптік өндірістегі Жапонияның жеке үлес салмағы небәрі 1,7 %-ды құраған болса, 1970 жылы бұл көрсеткіш 10,1 %-ға жетті.

      XX ғасырдың 60-жылдары жапон экономикасының жоғары даму қарқыны бірқатар факторлармен:

      а) еңбек өнімділігінің айтарлықтай жоғары болуына қарамастан, жалақының төмен деңгейде болуымен (1969 жылы Жапонияның өңдеуші өндіріс саласындағы жұмысшының жалақысы АҚШ-тың осы салада жұмыс істейтін жұмысшының жалақысынан төрт есе аз болды);

      ә) мемлекеттің қолдауы арқасында капиталдың қорлану деңгейінің жоғары болуымен шарттасты. 1969 жылы ұлттық жиынтық өнімге қатысты негізгі капиталға салынған инвестицияның үлесі 35,2 %-ды құраса, бұл көрсеткіш басқа да дамыған елдер АҚШ-та 14,1 %, ал, Францияда 25,4 % болды;

      б) ірі капитал қорланымдары машина және құрал-жабдықтар жасау саласындағы инвестицияларды ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұл салада Жапония, 1950-1970 жылдары Англия мен Франциядан 2,6 есе, ал, АҚШ-тан төрт есе асып түсті;

      в) капитал салымдары ең алдымен, жапон экономикасының жетекші салалары болып табылатын металлургия, машина жасау, мұнай химиясы сияқты салаларға жасалынды. Бұл салалар ел экономикасы өсуін анықтайтын салалар болды;

      г) патенттер мен лицензиялар сатып алу арқылы өндіріске әлемдегі ғылым мен техниканың жетістіктерін жаппай енгізу жалғаса берді;

      д) Жапония импорттайтын мұнай және өзге де шикізаттарға ұзақ уақыт бағаның төмен болуы, ал керісінше, бұл ел экспорттайтын машиналар мен құрал-жабдықтарға әлемдік нарықта бағаның жоғары болуымен байланысты болды;

      е) Жапонияның әскери шығындарының төмен деңгейде болуымен, мысалы, 1976 жылы Жапонияның әскери шығындарының көлемі ұлттық жиынтық өнімнің 1 %-ын құрауымен анықталды.

      хх ғасырдың 80 жылдарының орта шеніне