қылмыскерлік құқық, баспа, одақтар, жиналыстар, сауда, банктер, өнеркәсіп, теңізде жүзу, теміржол мәселелері кірді. Конституция жеке меншікке қолсұқпаушылыққа, азаматтық еркіндіктерге кепілдік берді.
Рейхсрат – герман өңірлері үкіметінің өкілдерінің органы – заң шығару саласында мардымсыз құқыққа ие болып, негізінен кеңесші рөлін атқарды. Мемлекет басшысы болып президент сайланды. Ол халықтық сайлау нәтижесінде 7 жылға сайланды және қайта сайлануына шектеулік қойылмады. Президент кең көлемдегі құқыққа ие болды. Халықаралық алаңға президент мемлекет атынан шығады, елшілерді қабылдайды және тағайындайды, басқа елдермен келісімдерге келеді. Ол канцлер мен министрлерді тағайындайды және қызметінен босатады. Рақымшылдық жасау құқына ие, рейхсвердің бас қолбасшысы, рейхстагты тарата алады. Оның қолында заң құрастыру және жариялау құқы болды. Жалпы шексіз құқыққа ие болуы президенттік қызметке «эрзац-монарх» сипатын береді.
Веймарлық конституцияның 48-бабында рейхспрезиденттің төтенше өкілеттілігі берілген. Осы бапқа сәйкес қажетті сәтте президент уақытша диктаторлық сипатқа да ие бола алды. (1930 жылы парламенттік үкіметтен президенттік үкіметке өту үшін осы бапты пайдаланған болатын, яғни парламенттік көпшілікке емес, президенттің қалауына қарай).
Конституцияда жеке өңірдің билігі есебінен орталық үкіметтің билігін кеңейту бекітілген. Азаматтардың негізгі құқықтарын сақтауға конституция кепілдік береді. Әрине, егер ол заңға қайшы келмеген жағдайда ғана. Өйткені, Веймарлық конституция бойынша негізгі құқықтар төтенше қаулы қабылдау негізінде жойылуыда мүмкін еді.
Алғашқы жылдарда жас та тұрақсыз республиканың өмір сүруі күмәнді еді. Қоғамда және парламентте жас демократиялық мемлекетке сенімсіздікпен қараушы күштерде болды. Веймарлық республика «республикандықтарсыз республика» болды. 1919 жылғы маусымдағы Версаль бітімшарты Германия үшін ауыр соққы еді. Нәтижесінде ішкі саяси тұрақсыздық тез күшейді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі тұнжырау өз шегіне жеткен болатын. Ақшаның құнсыздануы, Рур өңірін басып алуы, Каппа бүлігі (1920 ж.) және Мюнхендегі «сыра бүлігі», коммунистік төңкеріс әрекеттері бір-біріне қабаттасып кетті.
1919 жылдың маусымында Версаль қаласында Антанта мемлекеттері мен Германия арасында бейбіт келісімшартқа қол қойылды. Келісім бойынша Германияның аумағының 13 пайызы, халқының 11 пайызы жеңген мемлекеттер қарамағына кіріп кетті. Герман әскерінің саны шектелді. Елге көп мөлшерде төлемақы төлеуге тура келді.
Отарлар мен флот жеңген мемлекеттерге бөлінді. Соғыстан кейінгі саяси қиын жағдайлар герман қаржы олигархиясын жоя алмады. Басқа мемлекеттер үлесіне кеткен аумақтардағы кәсіпорындары үшін кәсіпкерлер елеулі төлемақысын алып отырды. Олар тек Эльзас пен Лотарингия аумағындағы кәсіпорындардың құны ретінде 720 млн алтын маркісі көлемінде Франциядан төлемақы алды. Осы жағдай Германия аумағында жаңа немесе ескі кәсіпорындарды кеңейтуге