үкіметке ықпал ете алатын шынайы күшке де ие болар еді. Бұл мүмкіндіктер елдің парламентінде қалыптасатын пікірге, сайлау науқандарында бұқараның қатысуымен төменнен әсер ету ғана емес, сонымен бірге қозғалған мәселені тікелей үкімет алдында талап ету мақсатында саяси қадамдарға дейін баруы. Үкімет мұндай іс-қимылдармен санасуға мәжбүр болары сөзсіз. Мемлекеттік билік басындағылардың арасында халықтың ықпалымен мәселенің маңыздылығын түсінген топтар мәселені жан-жақты сараптау жолдарын іздестіре бастайды. Дипломатиялық құжаттар халықтық бұқараның бейбітшілік пен еркіндікті қорғауда көрсететін қысымын әлсіретпейтін қозғаушы күші болып танылады. Дипломатия, әртүрлі елдердің ерекше ұстанымдары мен айрықша мүдделерін ұтымды ескере отырып халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісінде тиімді болатын мемлекеттік саясатты қорғай білуі керек.
Дипломатиялық құжаттардың бірінші бағыттары үкімет немесе үкіметтер болғандықтан олардың атауы құжатта нақтылы көрсетіледі. Ал екінші бағыт – халық немесе халықтар – негізінен құжаттарда астарлы күйде беріледі. Құжаттарда сол елдің халқына, немесе әлем халықтарына деп тікелей айтылмағанымен, кейбір жағдайларда нақты көсетілуі де әбден мүмкін.
Дипломатиялық құжаттардың үкімет немесе үкіметтермен қатар халыққа да арналғандығы ең алдымен оның мазмұнынан және оның халық бұқарасының мүддесіне сай екендігінен аңғарылуы тиіс және осы ұсыныстардың жүзеге асырылуындағы тиімділігін дәлелдейтін ой желісімен, дәйектемелермен, құжат тілінің жетік болуымен айқындалады.
Сонымен бірге өз кезегінде халықаралық мәселелер саласында мүдделі әр елдің халықтарына, әртүрлі әлеуметтік таптар мен топтарға арналғандығы құжатта нақтылануы да мүмкін. Халықаралық маңыздылығына сай дипломатиялық құжаттар бір елдің үкіметіне немесе халқына ғана емес, сонымен бірге бірнеше елге, елдер тобына, одағына, тіпті барша әлемдік мемлекеттерге де арналғандығын ескерген жөн. Дипломатиялық құжаттардың басым көпшілігі мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастарды қамтиды, яғни дипломатиялық құжатты бір жақ жібереді, екінші жақ қабылдайды. Дипломатиялық құжаттардың қанша елге арналғандығына қарамастан оны дайындаудағы басты шартты ешқашан естен шығармау керек. Бұл шарттың басты мәні қойылған мәселе дипломатиялық құжатта бағытталған тарапты шын мәнінде тебіренте алатындай берілуі тиіс. Оған жауап сол елдің, халық бұқарасының саяси және өмірлік тәжірибесімен ұштасатындай болуы керек. Ал бұл үшін олардың қандай да бір әлеуметтік және тарихи себептерге орай не нәрсеге үміттенеді, неден қауіптенеді, нені дұрыс айтады, неден қателеседі, шектелуінің себебі не де екендігін тереңнен түсіне білу қажет.
Осы саяси көңіл күйдің қыр-сырын жан-жақты қамту үшін дипломатиялық құжат бағытталған елдің қоғамдық, экономикалық және рухани өмірін өте жақсы білу керек. Осыған байланысты Жюль Камбон: «Елді білу – оның руханиятын саналы түрде ұғыну, сол ілім кеңістігінде өмір сүру және оның сыртқы саясаты мен ішкі