Әсемгүл Бекмухаметова

Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы


Скачать книгу

ырықтандыру тәсілдерімен жақын танысүға мүмкіндік береді.

      Аталған мәселелердің өзектілігі кәзіргі жағдайда сыртқы тауар мен капитал айналымының мәнін, тұпкілікті себептерін және даму тетіктерін анықтау қажеттілігімен, операцияларды реттеудің қаржы құралдарын жетілдірүмен және шетел тәжірибесін қолдану негізінде мемлекетте экспорт, импорт және капитал айналымындағы операцияларды жүргізу бағыттарын көрсетүмен анықталады.

      Оқү қуралы сыртқы тауар және капитал операцияларын жүргізумен айналысатын мемлекеттік және бизнестік құрылымдардың қызметкерлері мен мамандарына, сонымен қатар әлемдік экономика мамандығы бойынша жоғары оқү орындарының студенттері, магистрантары мен оқытүшыларына пайдалы болуы мүмкін.

      1. Сыртқы тауар және капитал айналымында тепе-теңдікке жетудің теориялық мәселелері

      Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемалары 1929-1933 жылдардағы Ұлы экономикалық депрессия кезінен бері экономикалық теорияның басты мәселесі болып келеді.

      Экономикадағы тұрақтылық оның сыртқы және ішкі сектоларында тауар, қызмет көрсету және капитал айналымының тепе-теңдікте жүруіне әсер етеді.

      Тепе-теңдік жағдайындағы айырбас пропорциясы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне қол жеткізу арқылы жасалынады және де нарыққа қатысушылардың бірде-біреуі өзінің жоспарланған сатып алу және сату көлемін өзгертуге мүдделі емес.

      Л. Вальрас моделі тұңғыш макроэкономикалық тепе-теңдік моделі болып табылады. Оның моделі барлық рыноктарда толықтай тепе-теңдікті қамтамасыз етіп тұратын тепе-тең баға негізінде құрылған. Вальрас моделінен келіп шығатын аса маңызды қорытынды – егер экономикада өзара байланысты нарықтардан тұратын тепе-теңдік n – 1 нарақтары арқылы қол жеткізілсе, бұл тепе-теңдік басқа n-шi нарығында да автоматты түрде орнайтын болады.

      1847 жылы жарық көрген Вальрастың «Таза экономика әлементтері» атты еңбегінде көрсетілген ережеге сәйкес елдегі импорт құны экспорт құнына және шетелге сатылған таза активтер мен олардан түскен пайыздық үстемелерге тең болады:

JM = X+NA+NR (1)

      мұндағы, JM – импорт; Х – экспорт;

      NA – таза актив сатылымдары (шетелдіктерге сатылған активтер құны мен олардан сатып алынған активтер құнының арасындағы айырма);

      NR – таза пайыздық төлемдер (шетелден сатып алынған капиталдың пайыздық құны мен шетелдіктерге төленген пайыздық құн арасындағы айырым қалдық).

      Қандай формада болмасын активтерді сату (жекеменшік құқық, құнды қағаздар, алтын және басқа) елге капитал ағынын әкеледі. Ал пайыздық төлемдер дегеніміз бұрын алған капиталды пайдаланғаны үшін төленетін ақы. Салық – бүгінгі төлемдер. Соған сәйкес, таза мезгілдік активтер сатылымы неғұрлым жоғары болса (NA) болашақта алынатын таза пайыздық үстемелер соғұрлым төмен болады (NR).

      1 теңдеуін құрастыра отырып, 2 теңдеуге келеміз. Теңдеудің сол жағы – капитал саудасы ретінде қарастырылатын