Роза Рыскалиева

Қолданбалы химия


Скачать книгу

Гидроэнергетикалық құрылғыларда электр энергиясын өндіру қоршаған ортаны ластамайды. Планетамыздың толық есептелген гидроресурстары 1000 трлн кВт/сағат деп бағаланады. Гидроэлектрстанциялардың (ГЭС) көмегімен алынатын гидроресурстар шамамен 30 есе аз. Мамандардың бағалауы бойынша планетаның барлық өзендерінің потенциалын толық пайдаланғанның өзінде гидроэнергетика адамзат қауымын электр энергиясымен тек 25 % ғана қамтамасыз ете алады. Бұрынғы ССРО территориясында әлемдік гидроресурстарының 12 % бар, оларды пайдалану тиімділігі 20 % құрайды. Дамыған елдерде гидроресурстарды пайдалану тиімділігі жоғары: Канадада – 50 %, Жапонияда 62, Швецияда және Италияда – 74, Францияда және Швейцарияда – 90, АҚШ-та – 44 % құрайды.

      Гидроэнергетикалық құрылғылардың (ГЭҚ) 3 түрі бар:

      1. Гидроэлектр станциялары (ГЭС) өзен энергиясын қолданады. ГЭС электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын ең қарапайым құрылғыны сипаттайды. ГЭС пайдалы әсер коэффициентінің (ПӘК) өте жоғары мәні тән (93 %), ал ЖЭС-ының ПӘК – 40 % құрайды. ГЭС өзінің қуатын оңай өзгертетін және жан жақты құрылғы болып табылады. АЭС немесе ЖЭС-мен салыстырғанда оларда агрегаттарды тоқтату немесе жүргізу оңай, әрі олардың қуаттылығын өзгерту жылдамдығы үшін шектеулер жоқ. Сондықтан ГЭС-ның арзан энергия көзі ретінде маңызы зор.

      ГЭС-ның қоршаған ортаға кері әсері төмендегідей:

      · ауылшаруашылығы және орман шаруашылығын жүргізуге ыңғайлы әрі құнарлылығы жоғары жер бөліктерін су басады. Су басқан құнарлы топырақ суды биогенді элементтермен байытады, ал ол эвтрофикация үдерісінің дамуының және су сапасының бірден төмендеуіне әкеледі;

      · бөгеттің болуы балықтардың уылдырық шашуына кедергі тудырады, бұл жағдай балық қорына кері әсерін тигізеді;

      · сонымен қатар кері әсерге жер асты сулары режимінің бұзылуы, климаттың локалді өзгерісі, булану нәтижесінде су азаюының артуын жатқызуға болады;

      · ірі су қоймаларын құру оған жақын орналасқан аудандарда сейсмикалық белсенділіктің пайда болуы мен артуына әсер етуі мүмкін.

      2. Гидроаккумуляциялау станциялары (ГАЭС) жасанды су қоймалары мен көл энергиясын жинау мен пайдалану мүмкіндігі бар. Мұндай станцияларда олардың өздерінде арнайы жинақталған гидравликалық энергияны пайдаланады. Олар екі құрылғыны: құбырлы және сорғымен құрылғыны біріктіреді. Сорғы құрылғысы арнайы бассейнге өзеннен су жинауға мүмкіндік береді. Ол үшін энергия жұмсалады. Белгіленген уақытта су бассейннен станцияда тұрған құбырлар арқылы үлкен қысыммен жіберіледі, яғни белгілі бір энергетикалық қуаттылық алынады. ГАЭС пайдалы әсер коэффициенті – 70-80 % құрайды. ГАЭС құру энергия пайдаланудың жоғарылығымен байланысты. Электр энергиясы әсіресе таңертеңгі және кешкі уақыттарда шексіз жұмсалуда. Осындай уақыттарда ГАЭС қолданылады. Түнгі уақытта олар АЭС мен ЖЭС-ларының энергиясын пайдаланып, бассейнге су жинайды және энергия өорын жасақтайды. ГАЭС кемшіліктері ГЭС кемшіліктерімен бірдей.

      3. Тасыма су электростанциялары (ТСЭС) теңіздер мен мұхиттар суының көтерілуі мен қайту энергиясын пайдаланады. Теңіздер мен мұхиттардың энергиясын пайдаланады. Теңіз суының көтерілуі