~ of acknowledgement нотариалдық куәлік; ~ of audit тексеру акті; of birth тууы туралы куәлік; ~ of compliance рекламация; ~ of death қайтыс болғандығы туралы куәлік; ~ of evidence қарастырылып жатқан іс туралы тараптың сот әрекетіне сот төрешісі растаған жазбаша қарсылық білдіруі; ~ of identity жеке куә; ~ of incorporation корпорация жарғысы, заңды тұлғаның сертификаты; ~ of indebtness борышқорлық міндеттеме; ~ of insurance сақтандыру куәлігі; ~ of origin жүк туралы мәлімет бар куәлік; ~ of participation корпорацияда үлесі болуы туралы куәлік; ~ of public officer мемлекеттік шенеунік берген куәлік, анықтама; ~ of purchase/sale сот қаулысы бойынша сату кезіндегі сатып алу туралы куәлік; allotment ~ 1. акция сертификаты; 2. жерді иемдену туралы куәлік; attorney's ~ қорғаушы болу құқығына салық төленгені туралы куәлік; author's ~ авторлық куәлік; builder's ~ зауыт куәлігі, өнімді шығарушы кәсіпорынның куәлігі; consular ~ консулдық куәлік; damage ~ зақымданғаны туралы куәлік; defence ~ тегін мемлекеттік қорғаушы алу құқығы жөнінде куәлік; inspection ~ тексеру куәлігі; medical ~ медициналық куәлік; notary's ~ нотариалдық куәлік; registration ~ 1. тіркеу туралы куәлік; 2. тұруға құқық беретін куәлік; sanitary ~ санитарлық куәлік; tax ~ салық төлемегені үшін заттарын сату кезінде сатып алушыға берілетін куәлік; warehouse-keeper's ~ қойма қолхаты.
CERTIFICATION
1. куәландыру; заңдастыру; куәлік; 2. куәлік беру.
CERTIFIED
расталған, куәландырылған (ресми түрде, жазбаша); ~ copy расталған көшірме.
CERTIFY
1. куәландыру, растау; 2. кепіл болу, жауапкершілігіне алу;
3. ауырғаны туралы куәлік беру.
CERTIORARI
лат. (істі төменгі соттан жоғарғы сотқа) алдыру.
CESS
салық; алым; беру.
CESSATION
тоқтату, доғару, үзу; кідірту, кідіріс.
CESSAVIT
міндеттемелерін орындамағаны үшін жалгерлерді үйден шығару жөнінде талап, арыз.
CESSER
тоқтату (келісімшарт бойынша, т.б.), міндеттемелерді орындамау.
CESSION
цессия, табыстау; – of goods мүлкін табыстау (борышқордың кредиторға қарызын өтей алмайтын жағдайда); ~ of rights құқын табыстау.
СESSIONARY
цедент; өзінің талап ету құқын басқа біреуге аманат етуші кредитор.
CESSMENT
салық, салық салу.
CESTUI QUE TRUST
бенефициар.
CESTUI QUE USE
узуфруктуар, басқа біреудің затын өмір бақи қолдануға құқы бар адам.
CESTUI QUE VIE
өмірлік құқы бар адам, субъект.
CHAIN
тізбек, бұғау, қатар; байланыс, өзара қатыстық; ~ of causation себепті байланыс; ~ of custody заттай айғақты табыстау кезіндегі күзету жүйесі; ~ of proofs айғақтар тізбегі; ~ stores дүкендер жүйесі; ~ of title құқықтық лауазымды табыс етудің реттік қатары.
CHAIR
1. төраға орыны; төраға болу; 2. төрағасы (жиналыс); 3. куәгердің сот залындағы орны; 4. сот төрешісі, судья қызметі; 5. сот төрешісі, судья қызметіне тағайындау; leave the сот отырысын жабу.
CHAIRED
төрағашылық етуімен.
CHAIRMAN
төраға, төрайым; ~ of the bench қазіргі құрамның сот төрағасы.
CHAIRMANSHIP
төраға, төрайым лауазымы; төраға, төрайым болу.
CHALLENGE
1. қарсылық білдіру; 2. қарсы болу, келіспеу, таласу; 3. (куәгерге, сот құрамына қарсылық білдіру); 4. қарсылық білдіру; 5. шақыру;
6. ұран тастау; 7. рұқсат қағазын, парольды сұрау; ~ for cause нақты негіз бойынша қарсылық білдіру; ~ propter affectum әділетсіздікті