Амангелді Әліпбаев

Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар)


Скачать книгу

жетеді. Француздық үкімет саясаты Германияны қалай да әлсіретуге бағытталады. 1945 жылдың күзіндегі “Таймс” газетінің бетінде генерал де Голль:“Қазіргі кезеңде германдық өмір сүру қабілетін жандандыру батыспен байланысты. Бір күні герман басқыншылығы сондай-ақ батысқа да бағытталуы мүмкін”, – деп ескертеді [29, с.32]. Оның өкілдері Францияның қауіпсіздігін сылтаурата отырып, Германияны бөлшектеуге, шекараны Рейн өзені бойымен орнатуға, Саар ауданын француз мемлекетінің құрамына алуды көздегені белгілі. Жалпы, бастапқы еуропалық одақ құрылысының қозғаушы күші ретінде аумақтық мәселе, яғни 1945 жылға дейін Германия империясының құрамында болған, соғыс салдарынан жеңіліске ұшырағаннан кейін тартып алынған екі аумақты басқару мәселесі түрткі болғандығын айтуға болады. Бұл – әсіресе, тас көмір сияқты пайдалы кен орындарына бай, өнеркәсіптің тығыз орналасқан ауданы, өнеркәсіп өндірісінің, соның ішінде Германияның әскери өндірісінің екі дүниежүзілік соғыс кезінде де негізгі қайнар көзі болған Саар мен Рур аймақтары еді. Гитлерлік жүйенің күйреуінен кейін, Саар мен Рур аудандары Француз Республикасының бақылауына өткен болатын. Еуропалық құрылықтағы ықпал үшін бұрыннан Германияның басты бақталасы болып келген Франция болса, 1870 жылғы француз-прусс соғысының ащы сабағын, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі неміс басқыншылығының зардаптарын еске ала отырып, және неміс аумағынан жаңа соғыс қатерінің тууынан қауіптенгендігі соншалықты, Германия жерінде егеменді мемлекет құруға, сондай-ақ Саар мен Рур аймағын немістерге кері қайтаруға жан-жақты қарсы болды. Француздар ғана емес, кейбір батыс саясаткерлері де Германияның тұтас мемлекеттігін жойып, бөлшектеу қажеттігін, яғни, неміс жерінде әлсіз бірнеше мемлекет құруды, жоқ дегенде бүкіл өнеркәсібінің көзін жойып, Германияны ауылшаруашылықпен айналысатын елге айналдыруды ұсынғандығы аян. Бұл бағытта нақтылы істер де болған еді. 1948 жылы Саар аймағы мен Франция арасында экономикалық одақ жөніндегі келісім шартқа қол қойылған болатын [29, с.32]. Бұл бағыттағы германдық қуатты мемлекетті келешекте болдырмау мақсаттары түсінікті де, өйткені ХХ ғасырдағы еуропалық басты соғыстардың болуына Германия кінәлі деп есептелінеді.

      Британдық әкімшілік те алғашында Германияда батыл өзгерістер жасауды мәлімдесе, лейбористер Ұлыбританиядағы сияқты ұлттандыруды ұсынған еді. Бірақта америкалықтардың қысымымен олар да өз ойларын іске асырудан бас тарты.

      Гитлерлік басқыншылықтың нәтижесінде өзінің мемлекеттік нышанынан айырылып қала жаздаған Франция, ендігі жерде ішкі саяси жүйені нығайтуға тырысады. Сол арқылы ғана ол сыртқы қарсыластарына ықпал ету күшіне ие болатындығы белгілі еді. Сол ретте, Францияның ішкі саяси өміріндегі ірі оқиғаның бірі – Құрылтай жиналысында сайлау және жаңа конституция қабылдау болды. Құрылтай жиналысына сайлау және оның өкілеттігі жөніндегі бүкіл халықтық референдум 1945 жылдың 21 қазанында өткен болатын. Сайлау қорытындысының нәтижесінде