келісімшарттар тәжірибесінің көшірмесін жасады десе болады.
Жалпы, ІІ Рамзес пен хеттер патшасы ІІІ Хаттушил арасында жасалынған осы келісімшарт Ежелгі Шығыстағы мемлекеттік құрылымның айнасы іспеттес. Бұл келісімшарт ел билеушісінің жеке басының мемлекетпен үйлесуін айқын көрсетеді. Барлық келіссөздер тек патшаның атынан жүргізілген. Келісімшарттың кейбір баптары шабуыл жасаспау және өзара көмек туралы міндеттемелерді қамтиды. Тіпті, ел ішіндегі көтерілістерді басу мақсатында өзара ел ішіне басып кіру мәселелері де өте маңызды болып табылады.
Қорыта айтқанда, египеттік-хеттік келісімшартқа үш мың жылдан астам уақыт өтсе де, кейінгі дәуірлердегі халықаралық келісімдерге үлгі боларлық жақтары басым болды.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Телль-Амарна жазбалары және олардың маңызы қандай?
2. Ежелгі Египеттегі «шарттық тәжірибе» қандай мәнге ие?
3. ІІ Рамзес мен ІІІ Хаттушил арасындағы шарттың рөлі қандай?
4. ІІ Рамзес мен ІІІ Хаттушил арасындағы шарт қандай мәселені қамтыған?
5. Ежелгі Египет дипломатиясының мәні қандай?
5-дәріс
ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЫҒАЮЫ
Жоспары:
– Ежелгі Грекиядағы дипломатия, дипломатиялық қызмет және дипломатиялық институттар.
– Ежелгі Грекиядазы «Проксения» институты және оның рөлі.
– Халық жиналысының елшіліктерді сайлаудағы рөлі.
– «Симмахиялар» және олардың маңызы.
– Спартадазы халықаралық келісімдерді жасау ерекшеліктері.
– Одақтар арасында дипломатиялық қатынастар орнатудағы «пилагорлардың» рөлі.
– Ежелгі Грекиядазы цацтызыстардыреттеу әдістері.
Ежелгі Грекияның тарихы, дипломатиясы туралы көптеген мәліметтер бар. Ежелгі Грекия немесе Эллада өзінің тарихи дамуында бірнеше қоғамдық сатыдан өтті. Б.з.д. ХІІ-VIII ғасырларда Ежелгі эллада құлиеленушілік мемлекеті қалыптаса бастаған еді. Эллин дәуірінде әр қала жеке мемлекет еді. Кейінгі гректік классикалық кезеңге (VІІІ – IV б.з.д. ғасырлар) тән саяси сипат алған бұл қала-мемлекеттер, грек тілінде – «полис» деп аталды. Грекияның дамуында қала-мемлекеттердің үстемдігі айқын болды. Бұл қала-мемлекеттер халықтарының салт-дәстүрі, мәдениеті мен тілі ортақ болғанымен, олардың арасындағы өзара қарым-қатынастар әрқилы еді. Олар бірде достық ынтымақтастықта болса, бірде қарама-қайшылықты жағдайда болды. Яғни заманның дамуына орай бұл мемлекеттер арасында әртүрлі халықаралық байланыстар дамиды. Олар бір-бірімен келісімшарттар жасасқан. Соның негізінде қаламемлекеттердің арасындағы әрқилы қатынастарды реттеу жүйесі қалыптаса бастайды. Соның ішіндегі ең бейбіт халықаралық байланыстың түрі – «проксения», яғни «қонақжайлылық» кең етек алды. Бұл жүйе жеке рулардың, тайпалардың, полистердің арасындағы ұтымды дипломатиялық құралдардың біріне айналды.