Бақыт Бөжеева

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)


Скачать книгу

және жоғары білікті мамандарға ие бола отырып, энергоресурстарды Батыс пен Шығысқа жөнелту мәселелерін қарастырып жатқанын атап өтті.

      30 қаңтар. Алматыда Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық принциптері туралы келісімге қол қойылды

      1-5 ақпан. Үндістанға ҚР Қорғаныс министрі С. Нұрмаханбетовтің ресми сапары. Министр Үндістан премьер-министрі Нарасимха Раомен, үкімет мүшелері, СІМ және Үндістан Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесті. Екі ел әскери мекемелері арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың негізгі бағыттары айтылды.

      8 ақпан. Қытай, ядролық клубтың мүшесі бола отырып, Қазақстанға қауіпсіздік кепілін берді.

      10 ақпан. ТМД мемлекет басшыларының Алматыдағы кездесуі. ТМД-да Бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау меморандумы құжатына қол қойылды. Бұл құжатқа Армениядан басқа барлық елдер қол қойды. ТМД мүше-елдерінің ТМД халықтары мен әлемдік қауымдастыққа фашизмге қарсы Жеңістің 50 жылдығына орай жолдауы.

      3 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Арал теңізін сақтау мәселелері бойынша Орталық Азия мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысу үшін Түрікменстанға сапар шекті.

      9 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға сапармен келген Венгрия Республикасының премьер-министрі Д. Хорнді қабылдады.

      9 наурыз. Исламабадта Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, ҚХР және Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы транзитті тасымалдар туралы төртжақты келісімге қол қойылды.

      10-11 наурыз. Чех Республикасының Сыртқы істер министрі И. Желенцтің Алматыға сапары. ҚР мен ЧР арасындағы 1993 жылғы 13 қыркүйектегі Сыртқы экономикалық ынтымақтастық туралы хаттаманың қосымшаларына қол қойылды.

      12 наурыз. ҚР мен Пәкістан үкіметтері арасында халықаралық автомобильдік жол қатынасы туралы келісімге қол қойылды.

      20-21 наурыз. АӨСШК дайындығы бойынша арнайы жұмыс тобының алғашқы отырысы.

      25 наурыз. Оттавада ҚР мен Канада үкіметтері арасындағы сауда саласы бойынша келісімге қол қойылды.

      3-5 сәуір. ҚР үкіметі өкілдерінің ЕО-ның ТАСИС бағдарламасы өкілдерімен қаржыландыруды қажет ететін жобаларды анықтау үшін Алматыдағы Экономика министрлігінде кездесуі өтті.

      4-5 сәуір. Алматыда АҚШ Қорғаныс министрі У. Перридің ресми сапары барысында Н.Ә. Назарбаевпен кездесті. Қазақстанға жалпы соммасы 37 млн доллар көлеміндегі төрт грант берілгендігі туралы келісімге қол қойылды.

      6-8 сәуір. Алматыға Индонезия Республикасының Президенті Сухарто жұбайымен ресми сапармен келді. Сапар барысында ҚР мен Индонезия Республикасы арасындағы бірлескен мәлімдемеге (Президенттер) қол қойды; Экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы келісімге (Сыртқы істер министрлері) қол қойды

      9-11 сәуір. Қазақстанға ресми сапармен ГФР Президенті Р. Херцог келді. Екі ел үкіметі арасында әскери молаларға қамқорлық жасау