міндеттері мен мақсаттарын айқындап, осы мақсаттардың жүзеге асуына қажет қызметтің бағытын анықтап, ресурстарды тиімді үлестіретін құрал».
Альфред Дюпон Чандлер анықтамасы өте сәтті берілген десек те болады, себебі ол «жақсы стратегия» құрамын дәл айқындаған, яғни бұл жерден стратегияның негізгі үш маңызды элементін көруге болады:
1. Стратегиялық мақсаттардың концептуалды логикалық қолжетімділігі және сатылылығы негізгі ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтауға қатысты. Мақсат жоқ болса, қызмет те бо лмайды.
2. Қызметтің бағытын таңдау алдын ала қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған іс-шараларға байланысты.
3. Ресурстарды орналастыру қойылған мақсаттарға жету барысында қажет етілетін мүмкін шығындарға байланысты. Егер де қызмет қажет ресурстармен қамтамасыз етілмесе, онда мақсатқа жету мүмкін емес.
Стратегия мәні бәсекелестік артықшылықты қолдау және қойылған міндеттерді экономикалық тиімді шешу мақсатында компанияның өндірістік-сату және ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін уақытпен реттелген басты бағыттар, ресурстар, қаражаттар, ережелер жүйесінде қолдану болып табылады. Ал негізгі мәні – бизнесті қоршаған ортаға бейімдеу.
Стратегияны үдеріс ретінде де қарастыруға болады. Оған стратегиялық басқару үдерісінің негізгі үш сатысы дәлел: стратегиялық талдау, стратегиялық таңдау, стратегия мен менеджменттің іске асуы.
Сонымен, стратегия дегеніміз – компанияның алға қойған мақсатына жету жолында қолданатын түрлі іс-әрекеттер мен әдістердің жиынтығы, өзіне ғана тән ерекше бизнесті немесе басқа да қызмет түрлерін жүргізу стилі.
Бірақ барша компанияға ортақ стратегия әрі әмбебап стратегиялық басқару әдістерінің болуы мүмкін емес. Бір салада бірдей өнім шығаратын компаниялардың әрбірінің өзіне ғана тән бірденбір ерекшелігі болады. Әр компанияның стратегиясын құрастыру үдерісі де өзіндік сипатқа ие, себебі ол компанияның нарықтағы ахуалына, мүмкіншіліктеріне, бәсекелестердің белсенділігіне, өндірілетін тауар, көрсетілетін қызмет түріне, экономикалық жағдайға, мәдени ортасына және басқа да көптеген факторларға байланысты. Мәселен, ерекше стратегиялық басқару әдісімен танымал компаниялар қатарына атақты Toyota, Samsung, McDonalds, Google, Starbucks-ты жатқызамыз. Табыс тарихына үңілсек, менеджментінің ұзақ мерзімді уақытқа бағытталғанын көруге болады. Олар шешім қабылдау кезінде қысқа мерзімдік табысты ойламай, тұрақты дамуды, әр кезеңде еңбек еткен қызметшілер мен жұмысшылар өздерін корпорация мүшесі ретінде сезінуін көздеді.
Даму стратегияларын құрастыру менеджменттің негізгі функцияларының бірі болып табылады. Ол басқару деңгейіндегі менеджерлермен құрастырылады. Бірақ стратегия тек бір адамның немесе нақты бір қызметкерлер тобының мақсатын ғана көздемеуі керек, ол ұйымдағы барлық жұмысшылардың мүддесін қамтуы қажет. Стратегиялық мақсат пен миссияны бәрі мойындап, өздерін осы ұйымның бір бөлшегі ретінде сезініп, оның дамуына атсалысуы тиіс.
Тиімді басқару түсінігін қарастырғанда менеджерлердің стратегияны қаншалықты