қолданылады.
Басқару тәжірибесі мен ғылымында «басқару үлгісі» маңызды категориялардың бірі болып табылады. Бұл басқарушының басқаруына берілген объектіні қалай басқару, алдында тұрған мәселелерді шешу үшін басқарушылық стратегилардың қай арсеналын, технологиясын, құралын қолдану сияқты күрделі міндеттер тұруымен байланысты.
Ф. Тейлор тұжырымдағандай, басқару үлгісі – жаңалық ашу емес, ол эволюция. Басқару үлгісі жылдар, онжылдықтар, тіпті ғасырлар бойы құрылады. Ол «бөтен» емес, өзі қолданысын табатын елдің, халықтың рухына, дәстүрлеріне, ділі мен мәдениетіне жақын, тән, сәйкестендірілген, «туған» болуы керек.
«Басқару үлгісі» деп, басқарылатын ұйым қойылған мақсаттарға жету үшін, қарқынды даму және өзінің өмірге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін басқару жүйесі қазір қандай және қандай болуы керек, ол басқару объектісіне қалай әсер етеді және қалай әсер ету керек, ол қоршаған ортаға қалай бейімделеді және қалай бейімделу керек деген сұрақтарға жауаптардан тұратын теоретикалық түрде құрылған бүтін сыбайластықтар жиынтығын түсіну керек.
Ол басқарудың бастапқы принциптерінен, стратегиялық көзқарастардан, мақсаттар мен міндеттерден, бірігіп құрған құндылықтардан, оның элементтерінің құрылымынан және тәртібінен, ұйымдастырушылық мәдениеттен, сараптамалық мониторинг пен бақылаудан, дамуды қозғайтын күштен және уәждеу саясатынан тұрады.
2. Үлгілердің типтері және оларды қолдану салалары
Негізгі үлгілердің классификациясы бар: классикалық, әкімшілдік және саяси үлгілер.
Классикалык үлгі. Шешімдерді қабылдаудың классикалық үлгісі экономикалық жағдайларға негізделеді. Бұл үлгі менеджмент әдебиетінде пайда болды, өйткені, қоғамдық пікірге байланысты, менеджерлер экономикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдап, ұйымның экономикалық талаптарына жауап беретін әрекеттерді асыруға тиісті. Классикалық үлгінің негізінде төменде келтірілген төрт жағдай жатады:
1. Шешім қабылдайтын тұлғаның әрекеті келісілген және белгілі мақсатарға жетуге бағытталған. Мәселелер анық айқындалған және тұжырымдалған.
2. Шешім қабылдайтын тұлға айқындылыққа талпынып, барлық қажетті ақпаратты жинайды. Барлық варианттар және олардың болжамалы нәтижелері алдын ала қарастырылып, жете зерттеледі.
3. Варианттарды бағалау критерийлері белгілі. Шешім қабылдайтын тұлға ұйымның экономикалық тиімділіктерін максималды түрде арттыратын варианттарды таңдайды.
4. Шешім қабылдаушы тұлға басымдықтарды бағалауда және орналастыруда оңтайлы нұсқаны қолданады және ұтымды әрекет етеді; оның таудауы ұйымның мақсатына қол жеткізуге озық жолмен ықпал етеді.
Шешімдерді қабылдаудың классикалық үлгісі нормативті болып есептеледі, яғни, ол шешімдердің қалай қабылданатынын анықтайды. Бірақ, бұл үлгі менеджерлердің нақтылы жағдайда қалай шешім қабылдайтынын суреттемей , тек ұйым үшін ең тиімді нәтижеге жету үшін не істеу керектігін жалпылама атап кетеді. Класскалық үлгінің құндылығы