Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық
сабағына дайындалу бойынша қойылатын талаптар: Семинар сабақтарына дайындалу барысында әрбір тапсырма бойынша берілген нақты әдебиеттермен танысу, материалдарды конспектілеу міндетті.
Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы жағдайға тигізген әсерін, тайпалардың ұлан-байтақ аумақтарды игеріп қуатты бірлестіктер кұру үдерсінің өзіндік ерекшеліктерін талдау зерттеу еңбектері негізінде талдай білу қажет. Сабақ соңында семинар тақырыбы бойынша экспресс сауланама – негізі ұғымдар мен түсініктердің мәнін ашып көрсетуге арналған жазбаша тапсырма алынады.
Андронов мәдеиеті. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.
Қима мәдениеті, қола дәуірінде б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап, б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында шығысы Жайық өз., батысы Днестр өз., оңт. Қара т-ге, солт. Кама өз-нің сол жағалауына дейінгі аймақты мекендеген тайпалар қалдырған. Қ. м-нің кейбір ескерткіштері бұл аймақтан тыс жерлерде де кездеседі. Жерлеу ғұрыптары бірыңғай және қабір ішінің төрт жағын қиылған бөрене ағашпен қалап өріп шығару әдісі жаппай қолданылғандықтан, үй салу тәсілі біркелкі болғандықтан Қ. м. деп аталған. Мүрделер қабірге бір қырынан, тізесі бүгілген күйінде жатқызылған. Олардың жанына қойылған қыш ыдыстар қола мен тастан жасалған бұйымдарға қарағанда басым. Қыштан жасалған ыдыстар түбі жалпақ, бүйірі шығыңқы, кейбіреулері банка тәрізді болып келеді. Біразында геом. өрнектер бар. Қ. м-нің басты ерекшеліктері – жер