Клара Қабылғазы

Телерадиожурналистика


Скачать книгу

н білікті мамандар дайындалуы үшін тиянақты, әмбебап, инновациялық білім берілуі тиіс. Бұл ретте елдің айнасы – бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы арта түсуі керек, сол арқылы мемлекет мүддесі айқындалуы қажет.

      Ақпарат пен ақпараттық технологиялар ғарыштық жылдамдықпен дамыған қазіргі шақта бұқаралық ақпарат құралдарының да қоғам өміріндегі маңызы жыл өткен сайын артып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан халқын ел өміріндегі маңызды ақпараттармен қамтамасыз етіп отырған еліміздегі телерадиолар қызметінің маңызы ерекше.

      Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ақпараттық телерадиобағдарламалардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру, мемлекеттік және коммерциялық арналардың ақпараттық бағдарламаларының және баспасөздің ақпарат тарату саясатындағы өзгешеліктерді анықтау, ақпарат таратудағы жаңашыл әдістердің телерадиоарналардағы және баспасөздегі жаңалықтар қызметінде қолданылуын саралау, қазақ ақпарат тілінің қалыптасуының өзекті мәселелерін айқындау, ақпараттық бағдарлама өндірісін ұйымдастырудағы үрдістерді зерделеу сияқты мәселелер – журналистика ғылымын зерттеушілердің қоғам дамыған сайын зерттеуді қажет ететін міндеттері.

      Оқулықтың мақсаты – студенттерді телерадиожурналистиканың ерекшелік сипаттарымен, телерадионың пайда болуымен және хабар таратудың дамуымен, Қазақ телерадиосының өсу кезеңдерімен, жұмыс істеу әдістерімен, телерадиохабар әзірлеудің шығармашылық процесімен, жанрларымен және пішіндерімен, телерадиожурналистің еңбек қарым-қатынастарын реттейтін кәсіби-этикалық ережелері және қағидаларымен, телерадиожурналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстырудың тәсілдерін үйрету.

      Оқу бағдарламасы бойынша телерадионың ерекшеліктері, оны пайдаланудың маңызы мен қажеттігі, қазіргі қоғамдағы саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени рөлі мен мәні ашылуға тиіс. Семестр бойы телерадиоға тән ерекшеліктер, Қазақстанда телерадиохабар таратудың даму кезеңдері, құрылымы, оның жанрлары мен пішіндері, телерадиохабарларды әзірлеу әдіс-тәсілдері, әуе толқынындағы ақпараттың мазмұны мен оны байытудың жолдары оқытылады.

      Пәнді оқытудың міндеті: әртүрлі сипаттағы телерадио компаниялар үшін хабарлар даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын болашақ мамандардың біліктілігін қалыптастыру. Пәнді оқытудың мақсаты: телерадиоарнада жұмыс істеуге лайық қабілетті мамандарды қалыптастыру, қажетті ақпаратты таба алуға дағдыландыру, түрлі жанрлар мен стильдерді қолданып хабарлар жасауға бейімдеу, тікелей эфирде бағдарлама жүргізуге және телерадиоақпараттың сапасын бағалай білуге бағыттау. Пәнді оқу барысында студент білуге тиісті жайлар: БАҚ жүйесіндегі телерадионың өзіндік ерекшелігін, телерадионың бейнелеуші құралдарын, әлемдік және қазақстандық телерадиотарату ісінің тарихын, телерадиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерін, телерадиожурналист қызметін реттеудің қазіргі заманғы құқықтық жүйесі, телерадиотыңдарман психологиясын және оларды кеңінен тартудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі. Оқыту барысында тәжірибелік сабақтар мол қарастырылады, оларда БАҚ жүйесіндегі телерадионың ерекшелігін, ақпаратты беру тәсілдерін, телерадиоарналарды табысты жүргізудің принциптерін; ақпаратты жинау, өңдеу мен таратудың негіздерін меңгеруіне көңіл бөлінеді. Осы пәнге қатысты білім беретін сабақтас пәндер (пререквизиттер, постреквизиттер): журналистикаға кіріспе, интернетжурналистика, журналистика негіздері, әдеби редакциялау, бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі.

      Сонымен қатар Қазақстанда телерадиохабар таратудың даму кезеңдері, құрылымы, оның жанрлары мен пішіндері, телерадиохабарларды әзірлеу әдістәсілдері, әуе толқынындағы ақпараттың мазмұны мен оны байытудың жолдары оқытылады. Телерадиоарнада жұмыс істеуге; қажетті ақпаратын табуға; әртүрлі жанрлар мен стильдерді қолданып хабарлар жасауға; тікелей эфирде бағдарлама жүргізуге және телерадиоақпараттың сапасын бағалай білуге бағыттау. Оқыту барысында дәрістермен бірге тәжірибелік сабақтар қарастырылады, оларда БАҚ жүйесіндегі телерадионың ерекшелігін, ақпаратты беру тәсілдерін, телерадиоарналардың хабарларын табысты жүргізудің принциптерін; ақпаратты жинау, өңдеу және таратудың негіздерін меңгеруіне көңіл бөлінеді. Пәнді оқу барысында студенттер БАҚ жүйесіндегі телерадионың өзіндік ерекшелігін; телерадионың бейнелеуші құралдарын; әлемдік және қазақстандық телерадиотарату ісінің тарихын; телерадиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерін; телерадиожурналист қызметін реттеудің қазіргі заманғы құқықтық жүйесі; телерадиотыңдарман психологиясына орай ақпарат жасау мен оларды кеңінен тартудың әдіс-тәсілдерін білуге тиісті.

      ТЕЛЕРАДИОНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МӘНІ

      Жоспар:

      1. «Журналистика – халық – қоғам» деп аталатын үштік бірлігі.

      2. Кез келген ақпарат таратушы ұйымдар өзіндік идеологияға қызмет етеді, соны мысалдармен дәлелдеу.

      3. Мемлекеттік мүддені насихаттайтын, оппозициялық бағытта жұмыс атқаратын, діни бағыттағы БАҚ сияқты ақпарат құралдарының жұмыстарымен таныстыру.

      Бүгінгі өмір сүріп отырған қоғамды ақпараттық құралдарсыз елестету қиын, өйткені олар халықпен, бүкіл қоғамдық өмірмен біте қайнасып кеткен. Дүниежүзінде болып жатқан оқиғалар