да нұсқалары: «сіз нені қалайсыз және нені қаламайсыздың арасындағы», «сіз кімсіз және кім болғыңыз келетіні арасындағы» және т.б. Тұлғаішілік конфликтер – екі жағымды немесе екі жағымсыз тенденцияның күресі немесе бір субъект психикасындағы жағымды және жағымсыз тенденциялардың күресі. Тенденция жағымды және жағымсыз сәттерді бір уақытта қамтитын нұсқалар да бар (мысалы, лауазымның көтерілуі ұнамсыз жаңа мекенжайға көшуді білдіреді).
Тұлға – қоғамдық қарым-қатынас, мәдениет және индивидтің биологиялық ерекшеліктері жүйесі себеп болған әлеуметтік маңызы бар ерекшеліктердің тұрақты жүйесі. Тұлғаішілік конфликт екі немесе одан да көп тараптардың өзара әрекетін білдіреді. Бір тұлғада бір уақытта бірнеше өзара бірін-бірі жоққа шығарушы қажеттіліктер, мақсаттар, құндылықтар мен қызығушылықтар болуы мүмкін. Олардың бәрі биологиялық сипатқа ие болса да әлеуметтік тұрғыдан анықталады, себебі олар нақты әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен байланысты. Сондықтан тұлғаішілік конфликт әлеуметтік конфликт болып табылады.
Адамның кез келген әрекеті диалог қатысушысы ретінде өзінің ішінде Өзгемен бірлескен әрекетін және Өзгеге қарама-қайшылығын білдіреді. Алайда конфликт мағынасы бойынша бір-бірін жоққа шығаратын өзара тең тенденциялардың пайда болуына себеп болады.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.