тарихы» атты оқу құралын (1996 жыл), «История и теория древнетюркского письма» (Ал- маты, 2003, 2010 жж.) мен өмірінің соңғы уақыттарында жазып қалдырған «Түркі филологиясының негіздері» (2012 ж.), «Опыт изучения тюркских языков» (Алматы, 2012 ж. қазан) атты сүбелі еңбектерінде көне түркі руникалық графикасына түбегейлі талдау жасалған. Сонымен қатар түркі руникалық графикасы нақты дәйектемелермен және Қазақстан аймағынан табылған эпиграфикалық материалдарға жан-жақты талдаулар жасау негізінде түркі руникалық әліпбиі генезисі жаңа көзқарастармен зерттелінген.
Жаңа еңбектерінің бірі – «Қазақша-орысша лингвистикалық терминология сөздігінде» (1997, 1999 жылдары) қазақ тілінің 2 мыңдай лингвистикалық термині мен олардың орысша баламалары қамтылған. Бұл терминдер тіл біліміне қатысты оқу-методика құралдары мен ғылыми еңбектерде кеңінен қолданылуда. Лұғат сөзтізбесі қазақ тіліндегі деректер негізінде құрастырылып, лингвистика тарихындағы алғашқы тәжірибе болып отыр.
А.С. Аманжолов университетіміздің қоғамдық жұмысына, координациялық және диссертациялық кеңестерге (төраға орынбасары) белсене араласып, филология факультетінде лингвист оқытушылардың методологиялық семинарына басшылық етіп, жұртшылық алдында әрдайым лекциялар оқып тұрады. 1986-1988 жылдары жастарға арналған «Білім және еңбек» атты республикалық ғылыми-көпшілік журналының редакция алқасы мүшесі болды.
А.С. Аманжолов – қазақтың тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесінің белсенді мүшесі, көне жазу және фольклор секциясының алғашқы төрағасы (1976-1988 жылдары). Қазақстанда көне түркі жазу ескерткіштерін ашу, зерттеу, насихаттау бағытында көптеген ғылыми-ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, Республикалық радио және теледидар хабарларына үзбей қатысып тұрады. Өзінің ғылыми және ұстаздық қызметін мәдениет ескерткіштерін насихаттауға арналған қоғамдық жұмысымен ойдағыдай ұштастыра түсуде.
МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫ
ҚҰТТЫҚТАУЛАР