І ғ. соңында Ведада айтылғандай, әзәзіл Хэйгрив байлықты ұрлап, ешкімнің қолы жетпейтін бірден-бір орын теңіз түбі деп пайымдап, сол жерге жасырынады. Вишну құдайы сол байлықтарды орнына қайтару мақсатымен Матсуа балығының кейпіне енген болатын.
Бір күні балықшы Ману Вайвасваттың қармағына балық ілініді. Балық Ману Вайвасваттан теңіздегі алып балықтардан азат етуін өтінеді. Оның күйзелісін көрген Вайвасват оны үйіне алып келіп, суға толы құтыға орналастырады. Күндер өте құты балыққа тарлық көрсетеді. Балық күннен-күнге өсе береді. Құты оған қолайсыз болғандықтан Ману Вайвасваттан қайта орнына қайтаруын өтінеді.
Теңізге қайтар уақытта балық Вайвасватқа жақын арада тасқын болып, бүкіл жаратылысты талқандайтынын ескертеді. Балық: «Вайвасват, осы апаттан аман қалу үшін бүкіл қажетті тірі тіршілікті қорегімен бір қайыққа орналастыр және арқан ретінде Васуки жыланын пайдалана отырып, қайықты маған мықтап байла», – деді. Тасқынға дайындалған Вайвасват балықтың айтқанын орындайды. Балық Нанбандһ тау шыңына қайықты сүйреп әкеліп тастайды. Сол кездегі алып апаттан қайықтағы тірі тіршілік қана аман қалған тіршілік қайтадан бастау алады деп заманауи үнді аңыз зерттеушісі доктор Радха Кришан Шримали жазады [53, 34 б.]. Сондай-ақ, «Шатапатха-брахман» (б.д.д. ІХ-VІІІ ғғ.) мәтінінде дүниежүзілік тасқын, Вишну құдайы туралы айтылғандығын заманауи қазақ философы Ж. Молдабековтың зерттеуінен де көруге болады.
2. Вишну құдайының екінші амал-әрекеті алып Кансчар немесе Курм тасбақа кейпіне енуі арқылы келуі.
Жер бетіндегі зұлымдықтар көбейіп, үнді дүниетанымындағы құдайлар пантеоны өз міндеттері туралы алаңдаумен болды. Осы мәселе барысында Вишнудан ақыл-кеңес алғанда, оларға Вишну Мұхитты толқытып, үлкен су тасқынын жүргізу кеңесін берген еді. Вишну: «Осылай әрекеттену арқылы сендер бағалы заттарыңмен бірге мәңгі боласыңдар». Себебі әзәзіл Хэйгрив бар байлықты ұрлап, ешкімнің қолы жетпейтін бірденбір орын теңіз түбі деп пайымдап, сол жерге жасырғаны жайында жоғарыда атап өткен болатынбыз. Вишну құдайы ұрланған байлықтарды қайтару мақсатында Матсуа балығының кейпіне түскен болса, екіншіден байлықты қайтару мақсатында Вишну алып тасбақаның кейпіне түскен еді. Біз осыдан Вишну құдайының екі кейіпте болғанымен де екі оқиғаның желісі біреу екенін аңғарғандаймыз.
3. Вишну құдайының үшінші амал-әрекеті – Варах шошқа кейпіне енуі арқылы жер бетіне түсуі.
Екі егіз Хиранякаш және Хиранкашипу Брахма ұсынысы бойынша құдайларға көптеген құрбандық шалу арқылы үлкен беделге ие болды. Осындай беделге ие болған Хиранякашты нәпсі жеңіп, менменшілдікке бас ұрады. Ол Мұхит түбінегі жыландарға қиянат жасағандықтан іс насырға шабады. Хиранякаштың әрекетіне шыдамаған Вишну шошқа кейпіне еніп, жыландарды теңіздің бетіне шығарады. Бұл жерде жыландарға көмектесу әрекеті айтылып отыр. Бұл жерде теңіз астындығы тіршіліктің де әділ өмір сүруін қадағалап отыратындығын негізге алып түсіндіреді [54, 7 б.].
4. Вишну құдайының үшінші амал-әрекеті – жартылай адам Нарсинһ бейнесіне енуі.
Хиранкашипу Вишнуға егізі Хиранякашты өлтіргені үшін наразы