Дарига Кокеева

Индуизм


Скачать книгу

түсініктегі варнашрама дхармаға сенемін;

      Үшіншіден, сиырды қорғауға сенемін;

      Төртіншіден тұтқа табынушылыққа сенемін, – деп үнді халқының ұлы көсемі Махатма Ганди өз сөзінде индуизм жайында жоғарыда айтылғандармен дінге анықтама береді [11, 35 б.];

      Протоүнділік қала тұрғындарына ведалық арийлердің дінимифологиялық көзқарастары шамамен б.д. 3-2 мың ж. б.д.д. VІII-VІ ғғ. индуизмнің негізі қалануына ықпалын тигізді. Сол кезден бастап біртіндеп үнділік діни жүйе қалыптасты деп айтуға болады. Ал үндінің діни-философиялық жүйесін зерттеушілер: «Әртүрлі көзқарастар – бір тастың ұнтақтары, бүтінге қарасты кез келген құрылымды толық деп қарастыру үшін онда физика мен логиканың, психология мен этиканың және метафизика мен діннің әртүрлі бағыттары болу керек. Үндістанда дамыған әр ой өзінің таным теориясын, ақыл мен табиғат және этика мен дін туралы түсіндірмесін ұсыну барысында дінифилософиялық жүйе қалыптасты», – дейді [12, 23 б.].

      Десе де, қазіргі индуизмнің қалыптасуындағы маңызды рөл шамамен Иса пайғамбарға дейін ІІ мың жылдықтың ортасында, яғни, б.д.д. 2000 ж. арий тайпаларының солтүстік-батыс үнді жеріне келіп кіруімен шамалас. Сол кезеңде ерте үнді еуропа тілінде сөйлетіндер санскрит тіліне көшті. Үндістанға арийлердің көшіп келуі мәдениеттің бір-бірімен ауысуына әсерін тигізді. Әрине, осының бәрі ол өмірдің түрлі саласына, әсіресе, дінге әсерін тигізбей қоймады.

      Арийлер Үндістанға басқа діни сенім, ой, мифологиялық көріністер әкелді. Арийлердің келуі ерте үнді діни шығармаларының қалыптасуына негіз болды. Бұл естеліктер Веда әдебиеті немесе Веда канондары атауымен жеткен болатын. Мәтіндер түрлі ой-бағыттарды қамтығандықтан бұл мәтіндер үлкен беделге ие болды. Ертедегі арийлерде дін үшін сиқыр, политеизм және күрделі мифтік-дәстүрлі жинақ болды. Онда мәдениетке тән функциялар, ойлы бағыттар, құрылымдарды қамтитын мәтіндер кірген. Олар индуизмде беделді, қасиетті маңызы зор мәтін. Бұл мәтін құдайларға құрбан шалу мен басқа діни-ғұрыптық дәстүрлерді қамтитын гимндер жинағы индуизм сөзінің шығу төркінін философиялық мәтіндермен үндес жатқандығын білдіреді. Бұл бойынша индуизм сөзінің түп төркінін самхиттен іздестіргеніміз жөн деп индуизмге үңілмес бұрын самхиттің сырын ашып алу керек деседі атап өтеді зерттеушілер. Бұл орайда санскрит тіліндегі «самхит» сөзі ән мен сөздің маржаны деген мағынаны білдіреді. Бұл аталмыш маржан, яғни қасиетті жазбалар үнді дүниетанымындағы құдайлар болмысын дәріптеуге арналған гимндер жинағы болып табылады.

      Едәуір кең тараған канон мәтінінің жинағы қос мүшелі болып келеді. Ол екіге бөлінеді: шрути және смрити.

      Аталмыш қатарлардың өзі ішінара бірнеше тармақтан құралып индуизм сөзінің сырын аша түсетін, үнді дүниетанымындағы рухани болмыс пен табиғи болмысты терең қамтыған шрути («тыңдау» деген мағынаны білдіреді) төмендегі қатарлардан тұрады:

      – Ригведа;

      – Самоведа;

      – Яджурведа;

      – Атхарваведа.

      Алғашқы