Коллектив авторов

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Скачать книгу

интерфейстер командалық тілдер сияқты комбинациялық операцияларға икемділік мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Жазу мүмкіндігі мен тізбектелген әрекеттерді орындау (мысалы, макростар) көптеген жағдайларда командалық файлдардың орнын алмастыруы мүмкін.

      Салыстырмалы жоғары үстемелі шығындар графикалық интерфейспен тығыз байланысы үлкен зиян емес. Аппараттардың қазіргі кездегі бағасы төмен, себебі ол графикалық жүйені пайдалану және үйрену қаражатымен орнын толтырады. Сонымен қатар өз алдына жоғары сапалы графика мен үлкен есептеу қуаты бар: автоматты жобалау жүйесі, полиграфиялық жұмыстар, синтез және видеодеректерді және т.б. қосымшаларға арналған көптеген заманауи үстелдік жүйелер пайдаланылады.

      Тағы бір маңызды жайт: дұрыс таңдалған түс, әдемі салынған басқару элементтері, т.с.с ерекшеліктері бар жақсы ойластырылған графикалық интерфейс көзбен қарағандада тартымды болып келеді.

      Әртүрлі категориялы пайдаланушы интерфейстері әртүрлі ойлау қабілетіндегі адамдар үшін дайындалуы мүмкін. Мысалы, командалық интерфейстер логикалық ойлау қабілетіне ие адамдарға қолайлы болса, ал графикалық интерфейс бейнені ойлау қабілетіне ие адамдар үшін тиімді. GUI-ге бағытталған Macintosh компьютерлерін негізінен суретшілер, дизайнерлер және басқа да «бейнені ойланатын» шығармашылық мамандықтағы адамдардың көптеп қолданатыны түсінікті.

      Командалық интерфейс пайдаланушының мақсаты анық болғанда өте жақсы, әсіресе тұрақты орындалатын жоспарлы міндеттерді атқару үшін өте маңызды. Графикалық интерфейс нақты анықталмаған немесе алгоритмі дұрыс құрылмайтын проблемаларға қолайлы.

      Сондықтан жақсы жүйе екі интерфейсті де ұсына білуі керек. Мысалы, Apple фирмасының дайындаушылары ұзақ уақыт бойына жүйеге командалық интерпретаторды енгізбеуге тырысты, бірақ соңында техникалық қолдаушы мамандардың қысымымен AppleScript командалық тілін іске қосуға мәжбүр болды.

      WIMP-интерфейстерінің кемшіліктері.

      WIMP-интерфейстерінің көрсетілген артықшылықтарымен қатар, олар көптеген проблемаларды ала келді.

      Біріншіден, қосымша күрделі болған сайын, оны игеру де соншалықты қиындай түседі және бұл қиындықтар сызықты емес түрде арта береді. Бөлек алынған интерфейс ерекшеліктері мен құралдары қарапайымдау болуы мүмкін, бірақ үлкен көлемде бір қосымшаға біріктірілсе, олар күрделіліктің жаңа деңгейін қалыптастырады. Көптеген заманауи үстелдік қосымшалардың көлемділігі сондай, пайдаланушылар олардың функционалдылығына бір рет үйреніп алса, жаңа нұсқаларынан бас тартып, өздері үйреніп алған ескі нұсқаларды қолдануды қалайды.

      Екіншіден, пайдаланушылар көптеген уақыттарын қосымшамен жұмыс жасауға емес, қайта сол интерфейсті үйренуге жұмсайды. Білікті пайдаланушылар өзіндік жұмыстарын жасау кезінде қабаттардың және шектен тыс интерфейстік элементтердің көптігіне наразылық білдіріп жатады.

      Үшіншіден, WIMP – GUI интерфейстерінде мәтіндерді өңдеу, құжаттар мен электрондық