Коллектив авторов

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Скачать книгу

келді. Логарифмдік сызғыш цилиндр форматында да және спираль форматында да болды. 1592-1635 жылдары Вильям Шиккард қосу амалын орындайтын алғашқы машина ойлап табады. Ал 1623-1662 жылдары Блез Паскаль азайту амалын да орындай алатын, көптісті дөңгелектер жиынынан тұратын машина ойлап табады. Бұл істі әрі қарай Готфрид Лейбниц жалғастырып, арифметикалық амалдар орындайтын механикалық калькулятор жасайды. XIX ғасырдың 1801 жылдары қазірге дейін пайдаланылатын, алғашқы өнеркәсіптік компьютер деп аталатын Жакарданың Ткац станогы пайда болды, онда алғаш рет металл карта түрінде программа сақталатын болды. 1822 жылы Чарльз Бэббидж өте үлкен калькулятор «Айырымдық машина» ойлап табады. Ол 1833 жылы «Аналитикалық машина» ұсынады. Бұл машина үтірден кейін алты санға дейінгі дәлдікпен сақтай алатын және енгізу үшін металл перфокарталарды пайдаланатын есептеуіш «мельница» деп аталды. 1886 жылы Дорр Фелт Арифмометрлерді ойлап тапты. 1930 жылдары Ванневар Буш dz = уdx дифференциалды теңдеулерді шешуге арналған Дифференциалды шешушілерді ойлап тапты, кейіннен оның электрмен нұсқасы пайда болды. 1936 жылдары Релейлі компьютерлер пайда бола бастады, Конрад Цузе Механикалық калькулятор Z1 ойлап тапты, ол басқару жүйесі мен жадыдан тұратын болды. 1939 жылдары Атанасов-Берри ақпараттарды сақтау үшін электронды лампаларды пайдаланатын бірінші электрлі сандық компьютерді ұсынды, оны екілік жүйелі бірінші компьютер деп атады.

      Компьютерлік жүйелер шартты түрде компоненттер құрамына қарай және шығу уақытына қарай буындарға бөлінеді.

      Бірінші буын (1941-1954). Бірінші буын компьютерлері ауа және реледен тұрмайтын электронды лампаларды пайдаланды. Ол компьютерлердің көлемі өте үлкен болғандықтан, толығымен бір бөлмені алып тұратын болды. 1945 жылдары Гарвард университетінің ғалымдары, Грейс Хоппер жетекшілігімен, Mаrk II Аikеn Rеlау Саlсulаtоr есептеу машинасын (ЕМ) тестілеуден өткізіп, электромеханикалық реле арасында машинаның білігін қозғалтатын иінтірек тапты, оны компьютердің «dеbugging» деп атады, осылайша Бірінші Баг 1945 жылдары шығып, оған реле ауыстырғыштарын пайдаланды, бұл компьютер бөлігінің бірі. Бірінші толық электронды-сандық компьютер Пенсильвания (АҚШ) Университетінде шықты, UNIVАС – 1951 деп аталып, 30 тонна салмағы, 18000 электронды лампасы бар және орта есеппен құны $487,000 болды. Ондай машиналардың жылдамдығы өте төмен болды, мәселен секундына тек 5000 операция орындады.

      Екінші буын (1955-1965 ж.). Екінші буын компьютерлері транзисторларды пайдаланды. Ол компьютерлер көлеміне қарай жарты бөлмені алатын болды. 1948 жылдары кремний пайдаланыла бастады және оның оn-оff ауыстырып-қосқышы болды, бірінші транзистор пайда болды. Транзистор – үш шығысы бар жартылайөткізгішті элемент, олардың ішіндегі коллекторға күшті ток беріледі, ал басқасына, базаға, әлсіз басқарушы ток беріледі. Басқарушы токтың белгілі бір күшінде клапан «ашылады» және коллектордағы ток эмиттерге өтеді, транзистордың үшінші шығысы. Екінші буын компьютерлерінің жылдамдығы арта түсті.

      Үшінші буын (1965-1980 ж.). Үшінші буын компьютерлері Интегралды