Кеңес Оразбекұлы

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


Скачать книгу

депті.

      БАҚ ҚАРАСЫН, ҚЫДЫР ДАРЫСЫН

      Ертеде Бақ пен Қыдыр Қаратаудың жотасымен келе жатқан екен. Оларды көріп жетім-жесір, ғаріп-кесір, бай-манаптар шапағат етуін сұрап, жабылады. Бәрі Қыдырдың шапанына жармасады. Біреулері аса таяғын ұстап, енді бірі бөркін сипап тілектерін айтып жатады. Қасында келе жатққан Бақты ешкім елемепті. Ол кезде жұрт Бақты танымайды екен. Үстіне ескі шапан, жыртық қалпақ киген оны жұрт менсінбепті. Бақ ат жақты келген, қасының түктері көзіне түсіп, көп нәрсені көрмейді екен. Айналасындағы у-шуды түсінбей:

      – Мына шуылдақтар кімдер? – деп қалың қасын жалп еткізіп, басын жоғары көтеріп қалғанда, қыр басындағы кемтар қызға көзі түсіпті. Оны көрген Қыдыр ақ таяғын кемтар қызға қарата нұсқайды да, қаумалаған көпшілікке:

      – Бақ қарамаса, мен дарымаймын. Бүгін бақтың көзі қырдың басында тұрған қызға түсті. Сендер бақтың киімін қомсынбай, соған жақындағанда, мен сендерге назар салар едім, – дейді де, Бақ екеуі көзден ғайып болады.

      Бақ қарап, Қыдыр дарыған кемтар қыз ауруынан сол сәтте сауығады. Артынша тұрмысқа шығып, үйлі-баранды болған екен. Алла бір басына жететін дәулет беріп, мұратына жетіпті.

      Ел арасында «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деген тәмсіл осыдан қалған екен.

      Бата, тілек құрамында көп кездеседі, ырыс-несібелі, бай-дәулетті, жолың болсын, мақсат-мұратыңа жет деген жақсы лебіздердің жиынтық-түйіні іспетті.

      БАЛА ӨСІРСЕҢ, ШАЛА ӨСІРМЕ

      Баланы ешкімнен кем қылмай ішіндіріп, киіндіріп, тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай, мәпелеп өсіріп келем, енді одан артық не керек деп, оның тәрбиесіне көңіл бөлмейтін немесе немқұрайлы қарайтын ата-аналарға балаңды шала өсірме, оның тәрбиесіне, рухани жан-дүниесіне де ден қой дегенге меңзейді.

      Қабыланның* күшігі қызылшақа, әлсіз болып туылыпты. Оны көрген аю, жолбарыстар «Сен бала емес, құбыжық таптың» деп мазақтай беріпті. Аңдардың келемежіне намыстанған қабылан тау шатқалындағы аңойнақтан безіп, мал өрісін сағалап жүреді екен.

      Бір күні мал соңында қозысын емірене жалап тұрған қара саулыққа кез келіпті. Құлақтары салпиып, аяқтары маймиып тұрған кішкентай қозыны көрген қабылан:

      – Ей, қоңыр қой, момын қой,

      Мұндай бала сорың ғой.

      Жаламасаң жетпей ме,

      Өзі жүріп кетпей ме? —

      деп сөгіпті. Сонда қара саулық айтыпты:

      – Сылап—сипап қарамасаң,

      Жас кезінде жаламасаң,

      Еміреніп емізбесең,

      Жемге үйретіп жегізбесең,

      Бала қайтіп оңады,

      Қалай өсіп толады?

      Бұл сөзге ойланып қалған қабылан өз басындағы мұңын айтып, қара қойдан ақыл сұрапты.

      – Атым – қабылан, затым – аң, атамыз – арыстан, нағашымыз – жолбарыс, ағайынымыз – барыс. Бәріміз де мықты едік. Алайда осы бір балам қортық болып туылды. Мазақтан өлер болдым. Сен адамға жақынсың ғой, бір ақылын айтпайсың ба? – депті.

      Қара саулық та қабыланның алғашқы кездегі тәкаппарсына сөйлегеніне қарай:

      – Сіздің бойыңыз үлкен болса да, ойыңыз өспеген