Нарша Булгакбаев

БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ! 2 БӨЛІМ Өз тағдырыңды өзің жаз!


Скачать книгу

профилактикамен бізде шатасулар бар сияқты. Үкімет профилактикаға емес емдеуге ақша бөледі, себебін қарарстырмайды, салдарымен күреседі. Мүмкін, егер біз шын бақытты болуға мыңдаған доллар жұмсасақ, инфаркт аз болар ма еді? Ойланыңыз. Кітап оқу жəне миыңызбен айналысу – бұл түсініксіз жəне дұрыс емес, ауырсынудан зардап шегу қалыпты жəне табиғи. Таңдайтын рөліңізбен абай болыңыз. Барлығын тағдырға жаппаңыз, себебі оны өзгерте аласыз.

      КҮТУ – БҰЛ ТҰЗАҚ

      Неліктен біз сау, бақытты, бай болу, ұзақ өмір сүру, өз ісімізді ашу, ғашық болу, қарым-қатынас жасау, жеке өмірімізді жақсарту үшін дұрыс оңтайлы сəтті күтеміз? Күту – бұл тұзақ. Біз депозиттің пайыздық мөлшерлемелері көтерілгенше күтеміз, экономикалық жағдай (инфляция) жақсарғанша күтеміз, орта өзгергенше күтеміз, той қашан болады деп күтеміз. Қаншама уақыт пайдалы білімге, әрекетке емес күтуге кетіп жатыр. Күтуге, кейінге қалдыруға, уақытты жылжытуға əрдайым себеп бар. Ал бірақ кітап оқуға, ғылым ізденуге, иманға келуге себеп жоқ.

      ЕГЕР КӨМЕК КЕЛМЕСЕ ШЕ?

      Бірде мен бір танымал әнші қыздың өмірбаянымен таныстым. Ол жас, əдемі жəне ақылды еді. Оның қалағанының бəрі болды, бірақ соған қарамастан ол өзін алкоголь мен есірткімен өлтіруге бірнеше рет тырысқан екен. Неге екенін білесіз бе? Өйткені ол ішкі бостық сезімінен құтыла алмады. Ол өзі армандаған шындықты өзі үшін, өзі жасай алатынын түсінбеді. Оның орнына, ол біреудің келуін күтті, оны бақытты етеді деп ойлады. Бірақ бұл біреу ешқашан пайда болған жоқ.

      Өзгелердің көмегімен бақытты табуға болады деген ұмтылыс, сондай-ақ басқалар мені бақытты ете алады деген сенімділік, шексіз əлеуметтік жобалар мен əділетті, бақытты, ізгілікті қоғам құрамыз деген жалған сөздер ештеңе əкелмейді. Адамзаттың неғұрлым саналы, рухани және кемелді қоғам құрамыз деген жалған сенімінен гөрі қате түсінік жоқ. Жалқаулық танытпағандардың бəрі бізді жақсы өмір үшін, қоғамды жақсарту үшін күресуге шақырады. Бірақ бұл қате. Өйткені біздің əрқайсымыз жеке-жеке дара тұлғамыз, бірақ әлі мүмкін қалыптаспағанымыз бар шығар. Сізге қоғам көмектесуге міндетті емес. Əлеуметтік реформалардың күрделі жүйелері бізге ескінің үстінен жаңа ауыртпалықты жүктейді. Біздің ақылымыз шамадан тыс сансыз қоғамдық бағдарламалармен қалай күресуге болатынын білмейді. Үкімет бір нəрсені жақсы жаққа өзгертуге тырысқан кезде, ол бізді жоқтан мағына іздеуге мəжбүр етеді. Проблема мынада, біз əлемдегі барлық «дұрыс емес» нəрсені сыртқы факторлар арқылы түзетуге тырысамыз. Біз айналадағы шындықты өзгерткіміз келеді. Өкінішке орай, мұндай тəсіл алдын-ала сəтсіздікке ұшырайды, өйткені біз себеппен емес, бұрыс нəтижемен (салдарымен) күресіп келеміз. Ізгілікті қоғам бұндай жағдайда қалыптаспайды. Және үкімет те сізге көмектесуге міндетті емес. Әр адамның өмірі тек өзінің ғана қолында. Басқаға көмектескіңіз келе ме, өзіңізге көмектесіңіз.

      ӨЗГЕРІСТЕР БІРІНШІ ІШТЕ БАСТАЛАДЫ

      Біз өзімізге