осылай шештік.
– Бірақ бұл өте жауапты тапсырма, – деді Рауза.
Елдес ыңғайсызданып:
– Батырлар тұрғанда біз қалай бармақпыз? – деді.
– Бұл жерде білектен бұрын жүрек маңызды болып тұр. Ақсақалдардың білгендері бар. Осы сапарға сіздер таңдалып отырсыздар, – деп патша салмақты түрде сөйледі.
– Жарайды, біз онда дайынбыз, – деді Рауза Елдеске қарап.
Елдес апайын мақұлдап:
– Əлбетте, – деді.
– Тез жиналып жолға шығу керек, – деді патша уəзірлеріне белгі беріп.
Патша оларға жолға керемет шоколаттардан салып береді. Ертесі күні екеуі ақсақалдардың батасын алып, жол жүріп кетеді.
Сарайдағылар оларға: «Жолдарың тəтті болсын!» – деп
шығарып салды.
Жолдағылар да: «Тəтті сапар!» – деп қолдарын бұлғады.
Тəтті сапар …тəтті сапар.…
Екі бауыр үйлеріне соғып, аналарына барлық жайды түсіндіреді. Аналары басында жібергісі келмей, көздері жасаурап қалады. Бірақ жіберуге мәжбүр. Әйтпесе Шококенттің хәлі мүшкіл. Осылайша, екі жас батыр сиқырлы шоколад дəндерін қайтару үшін Тұздейім еліне аттанады.
Қанттан жасалған жоталарды асқан соң, алдарынан ескі көпір көрінеді. Бұл əйгілі Құзан көпірі еді. Бұл көпір қара арқан мен қызыл ағаштан жасалған еді. Көпірді аспанның он екінші қабат періштелері жасаған деседі.
Көпірдің басындағы сары таста бір жазу бірден көзге түседі. Үстін шаң басқанымен, сөздері анық:
Көрінгенге қарама,
Керегі саған аз ғана.
Шығар содан мағына,
Жетесің сонда ар жағына.
Елдес қасындағы әпкесіне бұрылып:
– Раузажан, не істейміз, қандай ойың бар? – деп сұрайды.
Рауза сол кезде:
– Естуімше, бұл көпірден өтем деп талай адам құлаған екен, – дейді.
– Мына жазуда көпірден қалай өтуге болатыны жазылған. Соны түсінсек болды, – дейді Елдес.
Рауза сөзін жалғастырып:
– Меніңше, жазуда былай деп айтылған: көпірден өтіп бара жатқанда ешқайда қарамау керек. Тек қана аяқ астына қарау керек.
Елдес кішкене ойланған соң былай дейді:
– Сенімен келісем. Онда көзімізді байлап өтейік. Əйтпесе, жан-жағымызға байқаусызда қарап қоюуымыз мүмкін.
Сөйтіп олар көздерін байлап көпірге шығады. Бірінің артынан бірі жүреді. Өйткені бұл тар көпірден екі адам қатарынан жүру мүмкін емес еді.
Көпірдің ортасына жеткенде Елдес шыдай алмай көзін ашып жібереді. Жан жағында адамның көзіне көрінбеген сұлулық жайнап тұр. Таудың басында көл, ал көлдің жанында көк ағаштар жəне жарқырап жанып тұрған түрлі түсті гүлдер көрінеді. Бір жағында ағып тұрған жүзім сарқырамасы байқалады. Аққулар болса шыр айналып қамажай билеп, ұшып жүр. Керемет көрініс. Сол мезетте Елдестің басы айналып, аяғы тайып кетеді. Бірақ құлап бара жатқанда шап беріп арқанды ұстап қалады.
Елдес сол кезде:
– Анашым! – деп айғайлап жібереді.
Рауза