Рустем Серікұлы Сауытбай

ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези


Скачать книгу

Солтүстік жаққа метеориттер түсіп жатыр, – деді қолымен көрсетіп.

      – Ия, көріп тұрмын.

      – Əдетте метеориттер осыншама көп түспеуші еді, – деді Елдес.

      – Айтпақшы, бір кітап бойынша жақын арада көп метеориттер түсу керек екен. Олардың құрамында темір деген бір нəрсе болады екен, – деді Рауза ойын жинап.

      – Темір, ол не екен сонда? – деп таңғалды Елдес.

      – Өзі қатты, əрі ауыр болады жəне оның пішінін балқытып өзгертуге болады екен, – деді Рауза жымиып.

      – Сиқырлы нəрсе десеңші.

      – Ол метеориттерге шамандар солтүстікке барып, «Əрікетші» деп айғалап кері дұғалар жасап жүр деп естігем.

      – Ия, тілі келмейтіндер Əрікетка неме Əрктика деп айтып кетіпті.

      Кеме бұлттардың арасымен жүзіп, ауа толқындарымен бірге теңселіп, самғап кете берді. Ұлан-асыр ауа мұхиты кемені бар күшімен жетектеп отырды. Сәлден соң кемедегі жолаушылар тəтті ұйқыға кетті.

      Ертесі күні барлығы бір уақытта оянады. Таңғы асқа сүт пен шоколад жеп алады. Дойын жанармай жағдайын тексеріп келеді. Келісімен:

      – Əзіл айтатын уақыт болды. Менің өз əзілім бар: Біреуге ренжіген кісі «жер домалақ əлі көрісеміз» деп айтқан екен, – дейді.

      Үшеуі де қатты күлгендерінен жерге құлап кете жаздап, әрең дегенде өз өздеріне келеді. Ең қызығы, барлығынан да Дойын қатты күліп, өз-өзін əзер тоқтатады.

      Күліп болған соң Дойын:

      – Көлдің осы жағында Нуа деген саудагер бар. Ол көп жерді көріп, көп біледі екен. Соған бір жолықсаңдар жақсы болады, – деп соңғы ақылын айтты.

      – Жарайды Дойын, сол туралы патшамыз да айтып еді. Біз оны іздеп міндетті түрде табамыз. Саған көп рахмет, – деп қоштасуға дайындалады екеуі.

      Кешке қарай олар Ақкөлдің арғы бетіне жетеді. Кеме ыңғайлы бір жерге қонады. Саяхатшылар Дойынға ризашылығын білдіріп, шоколадты сыйға тартады. Олар Дойынмен қоштасып батысқа қарай жол жүреді.

      Жолда кездестірген екі адамнан Нуа жайлы сұрайды. Олар оның алаяқ екенін айтады.

      – Ол ойыншық сатады.

      – Қандай ойыншық сонда? – дейді Рауза.

      – Ол сиқырлы өзі жүретін ойыншық. Басқа əлемнен əкелінген дейді. Сол ойыншық үшін бір қой бердім, – дейді бірінші адам ашумен.

      – Ал мен болсам, екі ешкі бердім. Бірақ үйге келіп ол ойыншықпен біраз ойнаған соң істемей қалды. Онымен байланыспаған дұрыс, – дейді екінші адам.

      – Ол кісіні қайдан іздесек болады? Басқа бір шаруамыз бар еді, – деді Рауза.

      Қаралау келген кісі солтүстікті колымен көрсетіп:

      – Мына көрініп тұрған жотаның артында Жалдама деген қалашық бар. Сол мекеннің базарынан тауып алуға болады, – дейді түрін тыжырайтып.

      – Рахмет, – деді Рауза.

      Енді жолаушылар сол Жалдама қаласына аттанады. Жолдың бойында ат-арбамен сол қалаға қарай бара жатқан кісіні кездестіреді. Жасыл шапанды, ақ сақалды кісі əндетіп отырған еді.

      Елдес бірден бар дауысымен айғай салды:

      – Ағатай, Жалдамаға бара жатырсыз ба? Бізді де ала кетесіз бе?

      – Жарайды, отырыңдар, –