Сол екі арада екеуі шатасып қала жаздап, зорға тоқтаған. Мұның артынан үлкен жанжал бет алып бара жатқанын түсініп Қарақозы айтқан еді:
– Жастарда ондай-ондай бола береді. Қайда кетер дейсіз, түсінеді де. Бұл баланың әуелден сондай мінезі бар. Әкеміз Жанкелді еркелетіп жібергендіктен бе, білмеймін…
Алдажұман ақыры көкейінде тұрған сөзді айтқан.
– Мен сіздерге баланы бермеймін демеймін. Сіздерде өсіп келе жатқан жастар көп қой, солардың біреуіне берейін. Бұл екеуін әуре етпейік. Қарақозы ойлаған, егер құдалықты бұзып барсам, Телқозы улкен шу шығарады. Пәлен бас мал босқа кеттіні айтып, соңынан қалмайтынын білген еді. Жанкелді тұқымының малдарының барлық билігі Телқозықолында еді. Базарға апарып сатып, Жанкелді тұқымына қарасты шаруаның бәрін Телқозы атқаратын. Одан асып ешбір әкесі қимыл жасамайтын. Жанкелді оған тұңғыш немересі болғандықтан барлық билікті беріп қойған. Бабасы Жанкелді, әкелері алдында Телқозыда еркін сезінетін. Қазір Қарақозы Телқозыға не айтып барамын туралы ойға берілген еді. Бір байламға келе алмай ұзақ отырды. Алдажұман да оны асықтырмай күтіп отыра берді. Әлден уақытта Қарақозы тіл қатты.
– Ондай жағдайда өмірде бола береді. Оған не істейміз. Рас, Жанкелдіде ұрпақ көп, болмаса солардың біреуіне алып береміз. Бәріміз де Алтайдан тудық. Туыстығымыз да, құдалығымыз да сол қалпында қалсын.
Бұл Алдажұман тілегінен шыққан сөз болды да ол былай деді:
– Менің де сіздің өзіңіз де менің ойыммен ұштасып бір жерден шығып отыр. Бірақ осы сөзді Телқозы аузынан естиін. Әйтпесе, етреңгі күні ол келісімді бұзуы мүмкін. Алдажұман Телқозыберген малдарын алатынын ойлап қорқыңқырап отыр.
Қарақозы барлық жағдайды айтып ауылға Малайды шаптырған. Телқозы Қарақозының сәлемін естіп алып Малайға айтқаны.
– Олай болса Алдажұманның қызын сен ал.
– Менен бес жас үлкен көрінеді. Қалай аламын? Ана шешең де менен үлкен. Онда тұрған ештеңе жоқ. Қызтисе алабер. Мен де алдым ғой. Қайта өзіңнен үлкені жақсы болады. Ақылы толған, бәрін үйретіп отырады.
Әкесінің мына сөзіне қарсы Малай ештеңең айта ламды. Жаратылысында өзі жуас еді. Әкесінің сәлемін айтып келген. Бірақ Малай көңілінде мазасыздық бар еді. Бұған Шоң қалай қарайтынды ойлаған. Телқозының айтқанын әуелі шешесіне жеткізді.
Ол отырып:
– Әкең солай дес солай жасаймыз
– Мен оған қарсы емеспін. Бірақ Шоң не дейді? Деді Малай. Шоңда жұмысың болмасын, деп шешесі қысқа қайырды.
Жамал Телқозының сәлемін Қарақозыға жеткізген. Олболса Алдажұманға айтқан.
Екеуі шақырып алып Малаймен сөйлескен. Ана жақтан әкесі қайрап жіберген болуы керек. Ол турасына көшкен:
– Шоң алмаса мен аламын.
Қарақозы Шоңды шақырып алып:
– Сен өзің көзге көрінбей осы ауылдан кетші, – деді.
Шоң әкесінің айтуымен бір өзгерістің болғанын білді. Бірақ ол қандай өзгеріс екенін білмеді. Ештеңе айтқан жоқ. Сол күні Жәмкені ертіп алды да екеуі екі салтатпен тайып тұрды. Басқалары Алдажұман ауылында қалды.
Шоң