шыққан. Шыңғыс хан тұқымы болған соң, әлгінде мен айтқан төрелер деп аталады. Сондықтан олардың қазақтарды киргиз атауында жұмысы жоқ.
Карпов Шоңның мына айтқанына таң қалғандай, сенбеген адамдай біраз ойға беріліп отырып қалып барып тіл қатты:
– Сонда қалай, қазақ деген сөз орыстардың казагынан шыққан жоқ па?
Шоң мәселенің бәрі, шатасу да осында жатқанын білетін. Орыстардың қазақтарды өз атымен атағысы келмей, киргиз-қайсақтар деп жүргені содан екенін түсінетін. Келешекте қазіргі қазақтар мекендеген жерлерді казак жері деп жариялау мақсаттары бар екенін сезетін. Шоң жасырған жоқ, турасын айтқан, қазір казактарды біздің жерімізге көптеп көшіріп әкеліп жатыр. Оған ел басқарған төрелер де онша мән бермейді. Түбінде бұл жер казактардікі дейді. Бұл әріде жатқан саясат. Мен сізге айтайын, қазақтың қазағы орыстың казагынан шамамен бір ғасырдай бұрын шыққан.
– Сіз мұны қалай дәлелдейсіз?
– Өзбектер өздерін Алтын Орданың Өзбек ханы атымен атағанда, қазақтар да соған еліктеп, сонау Алтын Ордадан Шу бойына көшіп келген Жәнібек-Керей хандар мемлекет құрып, өздерін Қазақ хандығы атаған.
– Ал сонда қазақ деген кім?
– Ол төрелер де емес, қыпшақтан шыққан хан. Оңың мекені қазіргі Украина жерінде болған. Оның өз алдына хандық құрғанын көре алмаған Шыңғыс тұқымдары құртып жіберген кезінде. Ол хандық сол бойы жоқ болып кеткен. Біздің адамдарымыз ол туралы тіптен білмейді. Өзбек хандығына ыза болған Шыңғыс хан тұқымдары Керей-Жәнібек ана туысқандарына ерегісіп хандық атын Қазақ деп атаған. Бірақ негізгі халық қыпшақтардан болған соң осылай атаған болуы керек. Әлгі адамның қазақ болып аталуынын себебі, Түріктерде қазақ деген сөз болған. Біздің арғы тегіміз түріктерден шығады ғой. Осы араны бұдан пәлен ғасыр бұрын түріктер жайлаған. Мен ел арасындағы сақталған аңыздарға қарап осындай қорытындыға келдім. Үлкен әкем де осылай деп айтып отыратын. Ақсақ Темір өзін Барлас руынан дейді. Ол да қазақтардың Найман, Арғын деген рулары тәрізді. Кейін мемлекет басына келген Ақсақ Темір өзін Шыңғыс ханға жақындату үшін Барлас руынан шыққанмын деп жиі айта береді екен. Оған нағыз Шыңғыс хан тұқымынан болған хандар келіспеген. Олар мен Ақсақ Темір арасында араздық туған. Солардың арасында Керей-Жәнібек болған. Содан кейін олар Өзбек ағайындарына ерегісіп өздерінің мемлекетін қазақ атап кеткен. Кейін олар бұл атауды өзгертпекші де болған. Өз аттарымен атамақшы болған. Бірақ халықтың арасында бұл атау жайылып кетіп, түк істей алмай қойыпты хандар. Содан бері бұл жергілікті халықтан өздерін жоғары ұстау үшін Шығыс хан тұқымдары өздерін «төрелер» деп атап кеткен. Мұны менің Жанкелді деген үлкен әкем айтатын, ал орыстардың Ресей жерінен қашқан-пысқандары біздің шекарамызға келіп қоныс теуіп, көрші отырған қазақтарды көріп, соған лайықтап казак атап кеткен дейтін өздерін. Бұл сөзді Шоң Алексей аузынан естіген сөзге негіздеп айтып отыр еді. Казактың қалай пайда болғанын Алексей аузынан естіген соң сенімі күшейе түскен еді. Бірақ ол