хан сайлай ма екен?
– Ағасы, кателесіп отырсыз. Кенесарыны хан сайлағанда бір ғана Орта жүз емес, Ұлы, Кіші жүздің де өкілдері болған. Ендеше, кінә сіздерден де бар.
– Біз оларды білмейміз. Бізбен ақылдаспай барған олар.
– Ағасы, сіз бүкіл үш жүз үшін жауап бере алмайсыз. Кенесарыны Ұлытау баурайында үш жүздің өкілдері ақ киізге салып хан көтерген, енді оны еске алып, бірімізді біріміз кінәламайық.
Бұлардың сөзін тыңдап отырған, жас шамасы Шоңнан да кіші Шапыраштардың бір болысы отырып айтқан: «Бізден де талай батырлар қатысып, Кенесарының қылығына шыдай алмай, Сыпатай бастаған батырлар сырт беріп кетті ғой. Әкем осы туралы айтып отыратын. Оны қалай түсінуге болады?»
Бұл туралы Арқаға қайтып келген адамдардың аузынан Шоң естіген еді. Шоң көзі көрмесе де, мына сөзде бір айтылмаған шындық жатқанын білді. Кенесарының Орта жүз қазақтарына жасағанын бұлар да естігенін түсініп отыр еді. Сол ардада Арқадан келген бір болыс отырып:
– Біздің ойымыз соғыста өлген Орта жүз ағайындарымызға құран оқу ғана. Кенесары шаруасында жұмысымыз жоқ. Оған дауласпайық, Құдай жолымен құран оқып, сүйектері жатқан жерді көріп қайтпақ ниетіміз ғана бар. Сіздер соны түсініңіздер.
– Сіздерді сол туысқандарыңыздың сүйегі қалған жерге татар мен казак-орыс жібере қоймас. Біздер олардан асып бара алмаймыз. Бұлар ерегіссе қазір әскер шақырып алып, сіздерді тұтқындайды.
Шоң мына болыстың сөзінде шындық жатқанын білді. Етке, қымызға, араққа тойып алып ұйықтап жатқан татарды оятып алып айтқан, сен анау серігіңді үгітте, біз сендерге ақша берейік. Кенесары соғысқан жерге барып қайтайық.
Ақша деген соң ол ойланып, иіле қалғандай. Досын оятып, әлгі казакқа жеткізген еді. Ол ойбай салды: «Ертең Колпаковский білсе, екеумізді де, мына киргиздармен қосып түрмеге жабады». Мына сөзді естіген кейбір болыстар та қорқып кетті. Сөздері бітіп қалғандай болды. Әлгі казак-орыс отырып:
– Сендерді түгел Сібірге айдау керек екен… – деді.
Мына сөзіне Шоң ыза болып айтқан: «Оны патша да жасай алмаған. Сен өзің не айтып отырсың?»
– Сендерді патша аяп қалдырған. Әйтпесе, түгел киргиздарды Сібірге айдатып жіберетін еді. Мен сендерге рұқсат бермеймін. Олай болса, Колпаковскийден барып өздерің рұқсат алыңдар.
Осында келген әрбір тоғыз болыстың әрқайсысының басына жүз жүйріктен артып отыр. Сол Шоңға бір сенім бергендей еді. Ендеше, қазір генералға барамыз деген оған. Казак-орыс бұған қарсы келе алмады. Келіскендей ыңғай танытқан. Мына жақтан татар отырып:
– Ол конакратты қайтесіңдер! Әне, баласы да конакрат болып жүр.
– Сен кисық сөйлеп отырсың. Қанша конакрат болса да, оның соңына үш жүз мың адам ерген, біздің жақтан да көп адам болған. Біз Кенесары үшін емес, туысқандарымыздың қандары төгілген жерге барып құран оқып қайтуымыз керек.
Татар казакпен ақылдасты да жиналып отырғандарға айтқан татарша:
– Бізде ондай билік жоқ. Генералмен ақылдасыңдар. Сол не айтса, сол болады.
Ертеңіне