Мао Сяо

Тау мен теңіз ертегілері. Үлкен краб


Скачать книгу

жұмып, жалғыз көзімен ағаштың түзулігін көрді.

      – Ұшатын арба дейсің бе? Куафу бұл сөзді алғаш рет естіп тұр.

      – Мұның бәрі сол құбыжықтың кесірінен болды. Әлгі кісі қолындағы ағашты жерге тастай салып: – Өзің көріп тұрғандай құбыжық менің бір қолымды жеп кетті. Ол жалғыз менің ғана қолымды жеген жоқ, көп адамның қолын жеп қойды. Тіпті бұдан да ауыр жарақат алғандар бар…

      – Не болды? – деп, Куафу уайымдай бастады.

      – Біздің көрші ауылдағылардың бәрін де құбыжық жарақаттап кетті, – деп, алыстағы ауылды нұсқап: – Біздің бір қолымызды ғана жеп кетті ғой, ана ауылдағыларға тіпті қиын болды, – деп әлгі адам сөзін жалғады.

      – Оларға не болды? – деп, Куафу тағатсыздана сұрақ қойды.

      – Ондағылардың бір қолы, бір көзі ғана қалды, қалған денесін құбыжық жеп кетті. Олар «бір қол елі5» деп аталып кетті. Оған қарағанда біздің жолымыз болды. Біздің патшамыз жарақатына қарамастан, жалғыз қолымен түні бойы ұшатын арба жасап, бәрімізді соған салып алып, осында алып келді. Әйтпегенде, біздің күніміз не боларын кім білсін, сол себепті патша бізге ұшатын арба жасаңдар деді… – деп айтты әлгі адам.

      – Ағаш арба ұшушы ма еді?

      – Неге ұшпайды? Ұшқанда қандай, тіпті тез ұшады. Бірақ ол кезде батыстан жел тұрғандықтан, бізді осында алып келді. Бұл жердің біздің елден қаншалықты алыс екенін білесің бе? Қырық мың шақырым тұрады. Біз енді онда қайтып бара алмаймыз. Өйткені патшамыз жасаған арба қонған соң, шағылып қалды, өте ауыр жүкке шыдай алмады. Қазір біз бәріміз арба жасап үйреніп алдық. «Әр істің бір қайыры бар» деген осы болар, бәріміз осы өнерді үйреніп алдық. Сенбесеңіз сұраңыз, Цзигун елінің6 ұшатын арба жасайтын өнері бар екенін жұрттың бәрі біледі. Бірақ біз қайта алмаймыз.

      – Неге?

      – Шығыс желін күту керек! Мына құрып кеткір жерде шығыс желі соқпайды екен. Шығыс желі шығатын болса, біз келген жолымызбен кері қайтып кетер едік. Енді міне, шығыс желін күтіп жүрміз… Сізге арба керек емес пе, мен арзанға жасап беремін…

      – Менің мына бойыма қандай арба шақ келеді? – дейді Куафу.

      – Рас айтасыз! Ондай үлкен ағаш та табылмайды ғой. Сіз онсыз да жүйріксіз, сізге ұшатын арбаның керегі де жоқ қой. Оның үстіне, жел соқпаса, арба да ұшпайды… – деді әлгі адам.

      – Рақмет! Сау бол! Мен алып крабты қуып…

      Куафудың қимылы шапшаң болғандықтан, әлгі адам оның сөзінің соңын ести алған жоқ.

      Куафу алып крабты қуып кетті.

      Түрлі қауесеттер тарап жатты. Куафу да жүрісін одан әрі жылдамдата түсті.

      – Саған не болған? – деп сұрады Куафу жол-жөнекей жолыққан кейпі сиырға ұқсайтын жалғыз аяқты құбыжықтан.

      – Менің атым Куй, мен туғанда жалғыз аяқ болған жоқпын. Менің үш аяғымды қорқынышты құбыжық жеп кетті.

      – Қорқынышты құбыжық дейсің бе? Ол қандай құбыжық? – деп сұрады Куафу.

      – Мен оны тіпті есіме де алғым келмейді. Оның сегіз аяғы бар, бадырайған екі көзі бар. Маған қарай төніп келе жатқанын білем, байғұс аяқтарым…

      «Дәл соның өзі!» деп ойлаған Куафу:

      – Оның