Мао Сяо

Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong)


Скачать книгу

өседі). Ұшатын тасты мініске жарату үшін сегіз ұрпақтың баптауынан өту керек, сонда барып мініске жарайтын болады.

      Бұған көп адамның шыдамы жетпейді. Өзі лас, өзі кіп-кішкентай тасқа ұзақ уақыт күтім жасап, тек оны жуып-шайып, сылап-сипап отыру керек. Оған үнемі әлди әнін айтып, ерте тұрып мөлдір шықтан нәр алуына, күн нұрына шомылуына мүмкіндік жасау керек. Онымен қой-май, жынды адамша тасқа қарап: «Балам, құлыншағым,мен сені жақсы көремін, мен сені шын жақсы көремін… өсе ғой, тез, тез өсе ғой! Өскен соң, маған мінгізетін бол…» деп күбірлеп сөйлеп тұру керек. Мұны түсінбейтін, білмей-тін адамдар «мынау жынды ма?» деп шошып қалады.

      Ұшатын тастың пікірін тыңдайтын құлақ болған жоқ.

      Оның пікіріне құлақ аспағандары былай тұрсын,өзін жиналыстан қуып жібереді. Себебі ол тек ұшады дегені болмаса, жануар не жәндік емес, ол – тас. Оның жиналысқа қатысатын құқығы жоқ. Оны ешкім шақырған жоқ, өзі кіріп алған, сол себепті оны қатардан қуу керек болды.

      – Тас екеш тастың пікір білдіруге қандай қақысы бар, а?! – деп, ұшатын жылан жақтырмаған сыңай танытты.

      – Ал мен сендердің араларыңа жайдан-жай келген жоқпын, ресми шақыртумен келдім. Оның үстіне, мына отырған сіздерге шақыртуды мен жеткізіп бердім. Менің еңбегім бар, сол себепті пікір білдіруге құқым бар шығар? – деді желаяқ.

      – Әрине! Біз сенің пікіріңді тыңдауға дайынбыз!Сен бізге курьерсің, көктің хабаршысы – сенсің, қарсы емеспіз. Оның үстіне, сен ұша аласың, тіпті адам болсаң да бәрібір, өйткені сен ұша аласың. Адам деген де хайуанның бірі, оның деңгейі Құдайға жетпейді, ал бізден жоғарылау. Сайып келгенде, ол да хайуан… –деп қостай кетті отырғандар.

      – Қолдау білдіргендеріңізге рақмет! «Ұшатын жануарларды адамдар міну керек пе?» деген сұрауға мен де мардымды жауап таппай тұрмын. Дегенмен,өз басымнан алып айтатын болсам, мені адамдар көп міне бермейді. Бірақ кейде адамдарды мінгізіп алатын кездер болады. Мәселен, біреулердің жарақаттанып қалғанын кездейсоқ көріп қалсам, дәрігерге арқалап жеткізіп тастаймын. Көпірді тасқын су алып кеткен жағдайда қариялар мен балаларды қауіпсіз жерге апарып тастауға да дайынмын. Бұл деген адамдықтың белгісі, бұл туралы көп айта берудің қажеті де жоқ. Менің негізгі міндетім – хабар жеткізу. Мен өз ойымды жинақтап жеткізе алмадым ғой деймін. Одан да ұшатын жануарларды міну керек пе, жоқ па деген сұрақ жөнінде Фэйхуанның пікірін тыңдасақ қайтеді? деді желаяқ.

      У-шу болып отырғандар назарын бірден Фэйхуанға аударды.

      Фэйхуан бағанадан үнсіз, оның не ойлап отырғанын кім білсін.

      – Жақсы, дұрыс айттың, ал Фэйхуан, Фэйхуан,қане, сен айтшы?

      – Біз бәріміз сізді тыңдауға дайынбыз.

      – Неге үндемейсің, өз пікіріңді айтшы? – деп,отырғандар Фэйхуанға қолқа салды.

      Фэйхуан тамағын кенеп алып, сөзін бастап кетті:

      – Менің інім бар, оның аты Тэнда. Біз екеуміз егізбіз,ол менің сыңарым. Екеуміздің түріміз бір-бірімізге өте ұқсайды, көп ел бізді бір-бірімізден айыра алмай қалады. Менің інім