К. А. Саркенова

1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы


Скачать книгу

басын қысқартқаны, өндіріс қажеттілігіне оны сақтап қалу керек деген сылтаумен дайындау қарқынын бәсеңдеткені үшін қатаң жазаланады», – делінді154. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұраны күн тәртібінен түспеді. 25 – 30 қойы бар шаруашылық бай шаруашылыққа жатты. Ал, өндірістің көшпелі шаруашылығы үшін бұл күнделікті өмір сүру минимумы еді. Ұдайы өндіріс және шаруашылық ошағының қалыпты жұмыс жасауы үшін кемінде бұдан төрт есе артық болуы тиіс, бірақ бұл есепке алынбады, әр шаруашылыққа 2 – 3 қойдан ғана қалдырылды (оны да тартып алады деген қорқыныштан малшылар оларды сойып алуға тырысқан). Мемлекет мүддесі деген сылтаумен ауылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерін даярлауда заңсыздық кеңінен орын алды, жүн дайындауды «екпінді» өткіземіз деген ұранмен қақаған қыста қойлардың жүнін қырқып алып, малдың жаппай қырылуына әкелген. Астық өнімін жинаушылар мал шаруашылығы және аздаған егін егетін ауылдарға келіп, өлімнен аман алып қалады-ау деген үмітпен ұстап отырған соңғы дәндерін де сыпырып алған. Міндетті түрде астық тапсыру мал шарауашылығымен ғана күн көретін аудандарға да зорлықпен таңылған. Саботажшы деген айыптаудан қорыққан халық малын астыққа айырбастап, оларын ауыл шаруашылығы өнімін дайындаушыларға тапсырып отырған155. Ұжымдастыру дегеніміз ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру және бай-феодалды (ендігі жерде орташаны да) жою деген ұранмен көшпелілерге қарсы қытымыр саясат жүрді. Ұжымды қалай құру туралы «тек колхозшылар ғана емес, оны қалай жүзеге асыруды колхоз құрылысы басшылары да білмеді»156.

      1929 жылдың аяғында республикаға орталықтан 25 мыңдықтар қатарынан 1 200 партия қызметкері жіберілді. Қазақстан БКП(б) ОК-нің сол кездегі бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин 1930 жылы Алматы партия активінде сөйлеген сөзінде олардың «фабрикадағы және зауыттағы тәжірибесін» практикада пайдаланатыны туралы айтты.

      1930 жылдың 9 қарашасында Алматыда отырықшыландыру жөніндегі жергілікті және өлкелік қызметкерлердің бірінші кеңесі өтті. Олар сол жылдың қаңтарында ҚазКСР ОАК-нің 2-сессиясы қабылдаған отырықшыландыру туралы қаулының орындалуын қорытындылады. Кеңеске қатысушылардың бірі, Ақтөбеден келген

      Т.Верстаков бұл бағыттағы «шұғыл жұмыстың» Алматыдан барлық қазақ отырықшыландырылуы тиіс деген телеграмманы алған бойда, яғни сол қаңтар айында басталып кеткенін, отырықшыландыру және оны жүзеге асыру жоспарының бір күнде жасалғанын баяндады. Өкінішке орай, отырықшыландыруды жүзеге асыруға Топырақ институтының 1-курс студенттерінен құралған «мамандар» жіберілді. Т.Верстаковтың пікірінше облыстағы колхоз құрылысы зиянкестердің қолында, жылдық жоспар бойынша 1666 отырықшы үйдің орнына 26 тауық қора, ал 50 құдықтың орнына 9-н ғана салып үлгерген157. Кеңестен кейін «партия мен кеңес өкіметі Қазақстанда ауылды кеңестендіруде зор жұмыстар жасады» деген шешім қабылданды.

      Конец ознакомительного фрагмента.

      Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

      Прочитайте