Ғарифолла Есім

Сана болмысы


Скачать книгу

қажет. Әрине, ұлттық мектеп қалыптастыру бiр күнде бола қоятын жай емес, оның мәселелерi көп те болуы мүмкiн, оның үстiне қоғамдағы қалыптасқан «қазақ тiлдiлер» мен «орыс тiлдiлердiң» сәйкессiздiктерiн де ескеру қажет. Бұл мәселе дискурске түскен соң әрқилы әңгiме болмақ, бiрақ негiзi сөз өркениеттi деңгейдегi сарапшылардың құзырында болуы қажеттiлiк.

      Жекеменшiк негiзiнде бiлiм беру туралы бiрер сөз. Жекеменшiктiк негiзде бiлiм беру жүйесi нарық заманында, жалпы өркениеттi әлемде болмай қоймайтын құбылыс. Сондықтан жекеменшiк иелiгiнде елiмiзде көптеген мектептер бар, бiрақ осы мәселеде мынандай жағдайды еске алуымыз керек. Кейбiр азаматтар басылым беттерiнде жекеменшiк негiзiнде бiлiм берудi мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiне қарсы қою әрекеттерi байқалады, ол мүлдем дұрыс емес, себебi әзiрше халқымыздың басым көпшiлiгi ұл мен қыздарын жекеменшiк мектептерде оқыта алмайды, мысалы, мұғалiмдер, дәрiгерлер, кеңсе қызметкерлерi т. б., яғни жалақысы төмен азаматтар балаларын мемлекеттiк мектепте оқытады, ол дұрыс, демек, мемлекеттiк мектептiң сапасының жақсы болуы қоғамның басты мәселесi. Жекеменшiкке негiзделген мектептiң сапасы төмен болса, оған өзiнен-өзi ата-аналар балаларын оқуға бермейдi. Бiздiң елiмiздiң басты құндылығы бiлiм беру iсiндегi мемлекеттiк қамқорлық, бұл мәселе Жолдауда нақтылы айтылған. Бiлiм берудегi жеке-меншiктiк АҚШ, Англия, т. б. елдер тәжiрибесiн алудың еш қажетi жоқ. Бiз социализмнен жаңа дәуiрге өткен елмiз. Бiз социализм құндылықтарын бiлiм бе-ру жүйесiнде сақтап қалып, одан әрi жетiлдiрудемiз. Мысалы, мульти-индикаторлық кластерлiк зерттеуде (2006 ж.) елiмiздегi сауаттылықтың коэффициентi – 99,8 пайыз. Мәселе бiлiм саласында қалыптасқан осы үрдiстi нарықтық жағдайда сақтауымыз керек.

      Жолдауда бiлiм саласына қатысты айтылған төртiншi мiндет – ол мектепке дейiнгi балалар мекемелерi туралы мәселе. Елбасы үкiметтiң осы мәселе жөнiнде көп жұмыс атқаруын талап еттi. Бұл iсте әлi түбегейлi бетбұрыс болмағаны Жолдауда нақтылы айтылды. Ұлттық мектепке даярлық осы балабақшалардан басталуы керек, мұнда да әзiрше қазақ тiлiндегi және орыс тiлiндегi балабақша деген жiктелу бар. Асылы осы жас жеткiншектердiң рухани өсу бағдарламасында елдiк құндылықтар мемлекеттiк тiлде жүргiзiлгенi құба-құп болар едi. Бұл iсте де сөз мамандарда, әсiресе психолог мамандары мұндай iске көптеп тартылуы керек. Президент Жолдауда «адам мүмкiншiлiгi алты жасар баланың басында сұрыпталып үлгередi екен», – деп тегiн айтқан жоқ. Осы тұста мынандай ресми деректер негiзiнде де ойланған жөн. Қазақстанда барлығы 4 085 567 бала бар. Оның iшiнде мектеп жасына дейiнгi балалар саны – 1 682 583. Осылардың тек қана 32,8 пайызы ғана мектеп жасына дейiнгi ұйымдармен қамтылған. 67,2 пайызы мектеп жасына дейiнгi балалар балабақ-шалармен қамтылмаған, бұл iсте бiз Ресей мен Белоруссиядан кейiн қалып отырмыз. Бұл көрсеткiш – 12 жылдық мектеп жүйесiне өтудегi айтулы кедергi. Мектеп жасындағы балалар саны – 2 578 987. Сонда мектеп жасына дейiнгi балалар барлық балалардың 41 пайызын құрайды екен. Демек, бұдан шығатын қорытынды, мектеп жасына дейiнгi балалар мектеп жасындағы балалардан көп, яғни жыл сайын балалардың табиғи өсуi