Рыскелді Мырзабекова

Орта ғасырлар тарихы


Скачать книгу

маңызды болды. Бұл жерде жер өңдеу шаруашылығы еркін етек жайды. Батысқа қарағанда қоғам бұл жерде тығыз әлуметтік байланыста болды. Византияда қауымдастық бағыныштылық болды, яғни оған салық төлеп түрлі жұмыстар атқаруға міндеттенді. Қоғам бір-бірімен байланыста болды, салық төлей алмаған жағдайда жерінің жартысы беріліп отырды, ол үшін де салық төлеуге тиісті еді.

      Византияда өз иеліктеріне қожа, еркін колондар саны да көп кездесті. Ол І Анастасияның «егер бір жанұя жерді 30 жылға жалдап алса, онда оларды жерден қудалауға болмайды», – деген жарлығы бойынша, мұрагер ретінде танылды. Энапограф-колондар (құлдар) батысқа қарағанда шығыста аз болды. Құлдарды ауылшаруашылығында пайдаланбады, бірақ олардың қоғамдағы рөлі төмендей берді. Колондардың жағдайы қалыпты болмады, VІ ғасырда олардың биліктері жойылды.

      V-VІ ғасырларда Византияда патронаттық қарым-қатынас орныға бастады. Бұл орта ғасырдағы шаруалар тәуелділігінің бір түрі еді. Қайыршыланған шаруалар салық төлеуден қашты, кейін жер иелерінің қарамағына өтті. Заңды түрде олар еркін адамдар ретінде саналды, бірақ өмір сүру жағдайы толығымен қожайындардың қолында болды. Орталық биліктің қарсылығына қарамастан, «тәуелсіз» шаруалардың саны, әсіресе шіркеу жерлерінде қарқындап өсті. V ғасырдың өзінде бұл жаңадан қалыптасқан қоғам түріне «парик», «жасанды шаш» (келімсектер) деген атау қоланылды. Бұлардың қатарына тек шіркеу орындары мен императордың иеліктері кірмеді.

      Бұлардың барлығы шығыстың ауылшаруашылығына көп әсер еткен жоқ: дағдарыс бұл аймақтарда Батысқа қарағанда әлсіз және кешірек болды (V-VІ ғасырлар арасында).

      Қала, қолөнер және сауда. Шығыс римдік қалалар V ғасыр мен VІ ғасырдың ортасындағы батыста болған күйзелісті кешпеді. Империяның басым көпшілігі шенеуніктер, ірі жер иеленушілер, бай саудагерлер және кеме иелері қалаларда өмір сүрді, бірақ қала тұрғындарының біраз бөлігін қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, жалдамалы жұмысшылар және құлдар қамтыды.

      Қалада бір-екі жалдамалы жұмысшылары немесе құлдары бар шағын қолөнер шеберханалар болды. Әдетте шеберхананың өзін қожайындар жалға алатын. Шеберханалардан басқа шіркеудің мемлекет қазынасына қарайтын ұстаханалары болды. Мұнда жалдамалы жұмысшылар мен құлдар жұмыс істеді. Әсіресе мұндай құлдардың түрлері императорлардың шеберханаларында болды, олар императорларға арнап түрлі әшекей бұйымдарды, қару-жарақтарды, сарай бұйымдарын, тиын мүсіндерін және әскери киім үлгілері мен зергерлік заттар жасады. Византиялық алтын «солид» көп ғасырлар бойы ортағасырлардағы халықаралық ақша ретінде қолданылды.

      Кейінгі Рим империясындағы қолөнершілер мемлекеттік қазына алдында жауапты болды, салық төлеуге өздерінің мүліктерімен жауап берді, яғни салық төленбеген жағдайда мүліктері тәркіленіп отырды. VІ ғасырдың ортасынан бастап, еркін түрде ұйымдасқан қолөнершілер мен шеберханалар қалыптаса бастады. V-VІ ғасырларда қала өмірі кейінгі антик институты бойынша сипатталған