Рыскелді Мырзабекова

Орта ғасырлар тарихы


Скачать книгу

тұсында басталып, сол кезде баяу жүргізілген бұл үрдіс VІІ-ІХ ғасырларда аса қауырт сипат алды. Жер қарым-қатынасындағы бұл төңкерістің басталуы VІІІ ғасырдың бірінші жартысына жатады. VІІІ және ІХ ғасырлар басында болған аграрлық төңкерістің нәтижесінде Франк қоғамының құрылысында өзгерістер қалыптасты. Пипин Геристальскийдің мирасқоры – майордом Карл Мартеллдің саясатын белгіледі.

      687 жылы Тертридада соғыс болды. Соғыста Австразия мен Пипиндер жеңіске жетті. «Жалқау корольдердің» билігі бітті. Соңғы Меровей әулетінің өкілдері енді тарих сахнасынан кетті. Майордом Карл Мартел біраз уақыт корольсіз биледі. Карл Мартелдің ұлы «Қортық» Пипин 751 жылы Рим Папасы І Захарийге «кім король болуға міндетті? – деген сұрағымен келеді, титулды иеленуші ме, әлде іс жүзінде билік етуші ме?». Папаның бұл сұраққа берген жауабынан кейін соңғы Меровинг ІІІ Хильдериктің шашы кесіліп, монастырьға жіберілді. Франк мемлекетінің тағына «Қортық» Пипин отырады. Жаңа әулет «Пипиндер әулеті» немесе Карл Мартелден бастап, «Каролингтер әулеті» деп атала бастады. Каролингтік Франция Тертрия (687) тұсындағы соғыстан Гуго Капеттаны (987) король етіп сайлағанға дейін өзінің тарихи үзіндісінде үш ғасыр өмір сүреді.

      Меровиг уақытынан бастап мемлекеттің дайын ақшасы болмай, қызметке ауыр, қолайсыз монетамен төледі. Меровингтер жерді мұрагерлік жолмен беріп отырғандықтан, өздері шығынға ұшырады. Болашақ Каролингтер өз жағдайларын дұрыстау үшін Тертрия маңындағы соғыстан соң эволюциялық үрдісті тездетті. Графтарды ауыстырып, барлық билікті қолына шоғырландырды. Карл Мартелл «исламға қарсы күрес» сылтауымен үлкен шіркеу иелігін иемденеді.

      Карл Мартелл мұсылман және Пиреней халықтарымен күресте сәтсіздіктерге ұшырап отырды. 778 жылы Карл Памполонды алды, Уэскіні, Барселонды, Жеронды жаулады. 778 жылы 15 тамызда Рансеваль түбінде Карл әскері жеңілді. Пуатье түбіндегі соғыста жеңіліске ұшыраған Карл Мартелл атты әскер құруға кірісті. Араб әскерінің негізгі күші жеңіл салт аттылар еді. Қаруланған атты әскер қымбат тұрды. Оны тек төмендегі тәсілдер арқылы іске асыруға болатын: әскерге шаруаларымен бірге қосып жер беру, сөйтіп, жерден түскен табыстан әскер өзін атпен, қарумен қамтамасыз ету. Бұл екі ауыртпалықты тудырды: біріншіден, Франк мемлекетінде үлестірерлік бос жерлер болмады. Бұл қиындықты шешу үшін Карл Мартелл шіркеу жерлерінің қатарын тәркіледі. Карл шіркеу жерлерін тәркілеуге деген дін иелерінің қарсылығын «исламдық қауіп» сияқты күшті аргументпен тиып отырды. Мақсатын іске асыру үшін Карл әскери қызметі үшін ғана шартты жер үлесін берді. Әскер қатарында қызметке тұрушы майордомға ант берді. Мұндай иеліктің түрі «бенефиция» деп аталды. Карл Мартелл жүргізген бенефициялық реформа жаңа қоғамдық құрылыстың феодалдық негізі еді.

      732-733 жылдары жаңа каролинг әулетінің негізін қалаушы Карл Мартелл Пуатье түбінде мұсылмандардың жеңіл атты әскерін қуғынға ұшыратады. 751 жылы оның ұлы «Қортық» Пипин король болып тағайындалды. Пипин