Рыскелді Мырзабекова

Орта ғасырлар тарихы


Скачать книгу

ғасырлар басында медиевистикада сыншыл бағыт пайда болды. Бұл бағыт Маурердің марка теориясын, вотчиналық теорияны қайта қарауды талап етті. Сыншыл ағымның өкілдері феодализмді тек саяси тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Олардың пікірінше, орта ғасырларда саяси билік корольдің немесе вотчина иелерінің қолдарында болғанына қарамастан, бүкіл қоғамның мүддесіне қызмет етті және вотчина иелерінің шаруаларды бағындыру құралы болған жоқ дегенге сайды. Сынау ағымының Англиядағы өкілі Ф.В. Мэтланд манориалдық және қауымдық теорияларды ревизиялады. Ол феодализмнің экономикалық мәнін мойындамай, оны феодалдық құқық жүйесіне жатқызды.

      Белгиялық тарихшы Анри Пиренн феодализм генезисі туралы жаңа теория ұсынды. Натуралды шаруашылық үстемдік еткен кездегі феодализм туралы позитивтік көзқарасты және тауар-ақша қатынасын тірек етті. А. Пиренн феодализм генезисін тек сыртқы факторлармен, араб жаулап алушылығымен, халықаралық сауданың құлдырауымен байланыстырды. Көптеген халықтар феодализмге ішкі даму жолы арқылы келді деген қорытынды жасауға да болады. Қазіргі кезде тарихнамада талас тудырып отырған келесі мәселе – континуитет және дисконтинуитет, яғни эволюциялық немесе секіріс арқылы даму.

      Сонымен, феодализм генезисіне байланысты пікірталастар тарихнамадағы феодализм теориясының қалыптасуына алып келді. Атап көрсетсек, маркалық, вотчиналық, классикалық вотчиналық теориялар және сыншыл бағыт.

      Тарау бойынша сұрақтар:

      1. Тарауда айтылғандардың негізінде өркениетке анықтама беріңіздер.

      2. Картадан кельттер мен германдар орналасқан аймақтарды көрсетіңіздер.

      3. Римдіктер мен германдықтардың арасындағы қандай соғыстар туралы айтылды? Бұл соғыстардың нәтижесі қандай?

      4. Римдіктерге қарсы соғысқан герман көсемдерінің есімін еске түсіріңіздер.

      5. Герман тайпаларының негізгі одақтарын атап шығыңыздар, картадан олардың орналасқан жерлерін көрсетіңіздер.

      6. Тациттің шығармасынан: а) рубасылары, ә) абыздар, б) король, г) халық жиналысы деген түсініктердің мағынасын түсіндіре аласыз ба?

      7. Римнің құлауы туралы Августиннің пікірімен келісесіздер ме? Егер келіспесеңіздер бұл оқиғаның дүниежүзінің тарихына қандай ізі қалды деп ойлайсыздар?

      8. Каталаун даласындағы ғұндар мен Рим әскерінің ұрысы қалай аяқталды?

      9. Еділдің христиандар қойған «Құдайдың қамшысы» деген лақап атында қандай мағына бар?

      10. Еуропаға өткен көшпелі тайпалар неліктен ылғи да тұрақты мекен ретінде венгр жазықтығын таңдайтынын түсіндіріңіздер.

      11. Вандалдардың Германиядан Африкаға жүріп өткен жолын картадан қараңыздар. Вандалдар корольдігі қайда орналасқан?

      12. Тарихшы Иорданның пікірі бойынша, Еуропа мен Азияның шекарасы қай жерден өтеді?

      13. Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңінде бірін-бірі алмастырған Италияны жаулап алушылардың тізімін жасаңыздар