Рыскелді Мырзабекова

Орта ғасырлар тарихы


Скачать книгу

қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Мысалы, 451 жылы Папа І Лев Шығыс Рим империясының императоры Маркианға христиандық Батыс және Шығыс Рим императорларының өзара келісімі сыртқы жауларға қарсы тұруға қажет екенін анық білдіреді. Император Валентииан да өз жерінің федераттары мен бағыныштыларына, соның ішінде Галлия мен Испанияға елшілерін жіберіп, ғұндарға қарсы бірлесе соғысуды талап етті.

      Ғұндармен күрес Рим империясы мен Вестгот патшалығын біріктірді, олар басқа кельт және герман тайпа одақтарын өз мақсаттарына жұмылдыра алды. Біріккен Батыс әскерін Патриций Флавий Аэций басқарды.

      «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» түрткі болған ғұндар қозғалысы еді. Ғұндардың Шығыс Азиядан кенеттен басып кіріп, Еуропадағы күштердің арасалмағын түбегейлі өзгертуі, әрине, Рим империясының пайдасына шешілген жоқ. Ғұндар көшпелі мал өсірушілер болды. Рулық-тайпалық құрылыс жағдайында өмір сүрді. Жер бүкіл тайпа иелігінде болды. Ғұндар бір мәселені шешу үшін көпшілік кеңесіне жиналып отырған, соғыс жағдайында әскери көсемдерді сайлаған. Аммиан Марцеллин ғұндардың жауынгерлік қасиетін: «Өздеріне қауіп төнсе соғысуға шақырады. Соғысқан кезде жауын шеңберлей құрсауға алып, қатты ашулы дауыстар шығарады. Жеңіл және айлакер олар қасақана бытырап кетіп, майдан шебін бұзбаған күйі жауларын оп-оңай қынадай қырады. Олардың жау бекінісін қалай алғанын бақылау мүмкін емес, олар қас-қағым сәтте-ақ дүниенің астан-кестеңін шығарады», – деп баяндайды.

      Әскери өнері жағынан олар – нағыз жауынгер халық. Соғысты алыстан ататын ұшы өткір жебе мен мықты садақ арқылы жүргізеді. Қоян-қолтық шайқаста ешкім олар сияқты қылышпен шебер соғыса алмайды. Жауының қашып құтылуына мүмкіндік бермес үшін арқан мен тұзақ алып жүреді. Ғұндар туралы мәліметтерді гот тарихшысы Иорданнан да кездестіруге болады. Дегенмен Рим тарихшыларының барлығы ғұндарға басып алушы жау ретінде қарағандықтан, олардың жазбаларындағы мәліметтердің басым көпшілігі субъективті, белгілі бір мақсатқа бағындырылған болып келеді. А. Марцеллиндегі, Иордандағы, тағы да басқа Рим тарихшыларының жазбаларындағы ғұндардың сыртқы пішіні, тұрмыс-салт кәсібі туралы жаңсақ, жек көрушіліктен туған пікірлерді осы тұрғыда түсіндіруге болады. Бірақ олардың әрқайсысы да ғұндардың жауынгерлік қасиетін мойындауға мәжбүр болды. Иорданның өзі де төмендегідей жазады: «Олар аласа бойлы, кең иықты, бірақ шапшаң қимылдайды. Ат үстінде өздерін өте мықты ұстайды. Садақ атуға шебер, тәкаппарлана тік жүреді». Ғұндардың жасы және жынысы жағынан соғысқа жарамсыздары үй шаруасымен айналысады. Ал жастар айбынды жауынгерлерге айналады. Құлдар туралы тіпті де ұғымы жоқ, себебі олар бәрі бір тектен ақсүйектер. Кім соғыста көп көзге түссе, соны бастық етіп сайлаған. Олар да басқа адамдар сияқты тыныш, тату өмірден рақат табады.

      450 жылы Аттила Римге жорыққа дайындалады. Ол Рим императоры ІІІ Валентианнан империяның байлығы мен билігінің жартысын беруді талап етеді. Валентианның қарындасы